Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

“Бүкіл әлем қызыңды бұл үшін құтқарған жоқ!“ Талдықорғандағы адамшошырлық іске қатысты тың дерек айтылды

0

Талдықорғанда үш жасар қыздың аяусыз соққыға жығылуы туралы оқиғаның жалғасы шықты. Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброва жазба жариялап, баланың емделуі және оны әкесінің зорлық-зомбылығынан құтқаруға жасалған әрекеттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін желіде адамшошырлық видео тараған еді. Кадрларда денесінде жарақат пен мен көгерген жерлері бар, жылап жатқан бүлдіршін және әйел көрінеді. Әйелдің айтуынша, оны да, баланы да сол сәтте мас болған күйеуі ұрып-соққан. Оқиға Талдықорғанда болғаны нақтыланады.
Полиция тараған ақпаратты растады. Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынған. ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қызды құтқару
Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброваның айтуынша, екі жыл бұрын бұл қыз бала бауыр циррозымен күрескен, шұғыл трансплантация қажет болған. Сол кезде қор мен бейжай қарамаған адамдар оның еміне ақша жинаған.

"Бүкіл әлем сенің қызыңды кейін оны сен өлтіру үшін бауыр циррозынан құтқарған жоқ!" -- деп жазады Доброва.

Белсендінің сөзінше, әкесі бастапқыда емделуге кедергі жасап, баланы жібермей қойған, ал анасы күйзелісте болған. Тек "баланы қауіпті жағдайда қалдыру" үшін жауапкершілікке тарту қаупі айтылғаннан кейін ғана ол анасы мен қызының Түркияға шығуына рұқсат берген.

"Қыз бала өте ауыр хәлде болды, цирроздан бөлек... Оған ешкім күтім жасамаған, барлық ағзаcы көгергенше денесі ойылып кеткен, тері қабынған. Анасы бір нүктеге қадалғаннан-ақ түсінікті болды, "Ол сені ұра ма?" деген сұрағыма ол "Иә" деп жауап берді", - деп жазды ол.

Ота сәтті өтті. Анасы енді күйеуіне қайтып бармайтынын уәде еткен. Алайда Доброваның айтуынша, ер адам қор директорына да, әйелдің өзіне де қоқан-лоқы көрсетуді тоқтатпаған: қоңырау шалып, қорқытып-үркіткен.
Зорлықтың қайта басталуы
Түркиядан оралған соң әйелдің анасы қайтыс болып, белсендінің болжамынша, ол қайтадан күйеуіне оралған.

"Мен үнсіз жүрдім, бірақ мұндайға үнсіз қалуға болмайды! Ақжарды құтқару үшін қаражат іздеп, түн ұйқымды бөлгенім бекер емес! Егер баланың анасы кері шегінсе (ал мен оның ауруханада видеоны өшіруді сұрап жатқанын білемін), онда ол онымен бірге түрмеге отырады немесе арнайы мекемеде жатады", - деп жазды Доброва.

Доброва қажет болса, әкенің өзіне жеке айтқан қорқытуларының жазбаларын алып, Қазақстанға ұшып келетінін де қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *