“Жоқ“ деген жауапқа құрметпен қарау міндеттелген: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Ведомство мәліметінше, қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу - сталкинг.
"Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес сталкингке заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Бұл бапқа сәйкес 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - деді ІІМ өкілі.
Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
"Заңбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "жоқ" деген жауабына құрметпен қарау міндеттелген", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
