Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Астанада Германияның азаматтығы бар отбасы ұсталды

0

Астана әуежайында Германияның азаматтығы бар отбасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, Астана халықаралық әуежайында Астана-Франкфурт бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасының азаматтығына ие бес адамнан тұратын отбасы анықталған.
Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін олардың әрқайсына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

"Астананың мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсына 302 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция қос азаматтыққа тыйым салынғанын, бұл 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, әкімшілік жолмен елден шығаруға әкеп соғатынын, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға негіз болатынын еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *