Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Ақмола облысы
5 ақпан сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 16-347 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласы — Жақсы ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Ұлытау облысы
5 ақпан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 24-137 шақырым аралығында (Сәтпаев қаласы – Ұлытау кенті) барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Екі облыста жолды бүгін сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы
5 ақпан сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п)» автожолының 85-280 шақырым аралығында (Чкалов ауылы – Бидайық ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Сообщение Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
