Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда аяз күшейеді: ТЖМ ескерту жасады

0

Қазақстанның бірқатар өңірінде 6–8 ақпан аралығында ауа райы күрт құбылады: қатты аяз, дауылды жел, жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Күрт суытады6 ақпанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында күн күрт суиды деп болжанған. Кей жерлерде түнде ауа температурасы -23…-28°С-қа дейін түседі, ал солтүстік және батыс аудандарда -26…-28°С-қа дейін суытады.

Ақтөбеде түнде -23…-25°С болуы мүмкін.
Петропавлда түнде -20…-22°С, күндіз -15…-17°С күтіледі.
Көкшетауда түнде -18…-20°С болжанып отыр.

7 ақпанда аяз Ақмола облысында, сондай-ақ, Ұлытау, Қарағанды және Павлодар облыстарында күшейеді. Астанада түнде -18…-20°С болады деп күтіледі.8 ақпанда ауа температурасы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -15…-20°С-қа дейін төмендейді.Қатты жел, дауыл6 ақпанда Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Абай және Жетісу облыстарында жел күшейеді. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, ал кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Тараз бен Шымкентте жел күндіз күшейіп, дауыл соғады деп болжанған.
Боран, көктайғақ6 ақпанда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ елдің орталық және солтүстік өңірлерінің кей бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде қалың жауын-шашын күтіледі.
Ал Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау өңірінде боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал.
Астанада жауын-шашын күтіледі, кей уақытта қатты қар жауып, көктайғақ пен жер бауырлаған боран соғуы мүмкін. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *