Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру - қоғам дамуының негізгі кепілі
Құқықтық мәдениеті жоғары адам өз құқығын қорғай алады, өзгелердің құқығын бұзбайды және заң алдында бәрі тең екенін түсінеді. Мұндай тұлға кез келген жағдайда әділ шешім қабылдауға тырысады, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосады. Сондықтан құқықтық мәдениет жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға қажет құндылық. Құқықтық мәдениеттің негізгі құрамда бөліктеріне құқықтық білім, құқықтық сана, заңға деген құрмет және құқықтық мінез-құлық жатады. Құқықтық білім – адамның заңдарды білуі болса, құқықтық сана – сол заңдардың мәнін түсінуі. Ал құқықтық мінез-құлық – алған білімін іс жүзінде қолдану, яғни заң талаптарын сақтау.
Қоғамда құқықтық мәдениет неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құқық бұзушылық азайып, адамдар арасындағы...
