Елге еткен еңбегі ерен журналист
Қазақ журналистикасында ел үшін аянбай еңбек етіп, өз өмірін ақпарат саласына арнаған тұлғалар аз емес. Солардың бірі — «Баянтау» газетінде жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен Шакрат Дәулетжанұлы Шалбай.
Шакрат Дәулетжанұлы 1943 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол — қарымды қаламгер, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы. Саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған Шакрат аға «Баянтау» газетінде 55 жыл еңбек етті. 1960–1972 жылдары газетте журналист болып жұмыс істесе, 1972–2014 жылдар аралығында бас редактор қызметін атқарды.
Шакрат Дәулетжанұлы еңбек жолын корректорлықтан бастап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарып, кейін...
