Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда қалың қар жауады, бірақ аяз бәсеңдейді

0

Қазгидромет синоптиктері 14, 15 және 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Циклон жауын-шашынға әсер етеді
Болжамға сәйкес, кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашын болжанбайды.

"15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, боранға, сондай-ақ, ел бойынша температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады", - деді синоптиктер.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады, өйткені оңтүстіктен келген циклонмен байланысты атмосфералық фронттар өтеді. Сол себепті бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ал 14–15 ақпанда жауын-шашын көбірек әрі күштірек болуы мүмкін.
Еліміз бойынша жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін, сондай-ақ, тұман түседі.
Ақпандағы "тосынсый"
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанның жалпы болжамын да жариялаған. Ақпан әдеттегіден жылырақ, ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *