Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Сенсация! Қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқа бағдарламадан кейін ол 5-орында тұрған. Жүлдеге ілігу үшін қарсыластарынан 9,6 ұпай айырмашылықты қуып жетуі керек еді.

Еркін бағдарламада Шайдоров төрттік лутцте аздап мүлт кеткенімен, қалғанын таза орындап шықты. Бұған дейін БАҚ оның төрттің орнына бес төрттік секіретінін жазып жүрген, ол мұны сәтті орындады. Нәтижесінде ол жалпы есепте 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.

Екінші орынға үміткер жапониялық Юма Кагияма еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, қысқа бағдарламадан кейінгі 11 ұпайлық басымдығынан айырылды. Ал АҚШ-тың әлем чемпионы Илья Малинин бірнеше рет құлап, Шайдоровтың екі бағдарламаның қорытындысы бойынша алға шығуына жол берді.

Бұл алтын - Қазақстанның 2026 жылғы қысқы Олимпиададағы алғашқы медалі. Бұған дейін Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін алған жалғыз спортшы - Денис Тен, ол Сочидегі Олимпиадада қола жүлде иеленген.

Айта кетейік, Миландағы Олимпиадада Қазақстан атынан Софья Самоделкина да өнер көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *