Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Головкин Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоровты құттықтады

0
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиада чемпионымен әңгіме барысында Головкин медаль барлық есікті ашпайтынын, ал мұндай үлкен жетістіктен кейін ең маңыздысы - адамдық қасиеттерді сақтап қалу екенін атап өтті.

"Енді сен Олимпиада отбасындасың. Бірақ бұл медальдің да кері жағы бар - даңқтың сынағы. Адам болып қал. Олимпиада чемпионы болу - үлкен жауапкершілік... Алтын - бұл сенің еңбегіңнің нәтижесі. Бірақ ол сені адам ретінде айқындамайды. Тұлға ретінде қалыптасу үшін, сен өзіңді дәл адамдық қасиеттерің арқылы танытуың керек. Бұл (медаль - еск.) бүкіл есікті аша бермейді", - деді Головкин.


Ал мәнерлеп сырғанаушы қазақстандықтарға қолдауы үшін тағы да алғыс айтып, күш бергенін мойындады.

"Бүкіл Қазақстанға көп рақмет айтқым келеді. Өйткені қаншама пікір жазылды, бәрі маған қысым болады деп ойлады, бірақ керісінше, бұл мені қатты жігерлендіріп, күш берді. Мен тек күрескім келді және аяғына дейін күрестім", - деп түсіндірді Шайдоров.

Еске салайық, қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында болған, алайда еркін бағдарламада үлкен басымдықпен жеңіске жетіп, барлық қарсыласын басып озды. Жалпы қорытындыда Қазақстан өкілі 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын орнатты.
Шайдоровтың алтыны осы Олимпиададағы Қазақстанның алғашқы медалі әрі осы спорт түрінен ел тарихындағы екінші жүлде атанды. Алғашқы медальді 2014 жылы Денис Тен алған еді.
Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының бүкіл тарихында Шайдоров Қазақстаннан алтын медаль алған екінші спортшы болды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек шаңғышы Владимир Смирнов 1994 жылы қол жеткізген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *