Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Павлодар облысында ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды

0

Павлодар облысында бір-біріне көрші екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды. Полицейлер тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы жергілікті арналар жазды. Мәліметке сәйкес, мәйіттер Майқайың кентінде табылған.
Алдын ала деректер бойынша, табылғандардың біреуі шамамен екі жыл бұрын, ал екіншісі бірнеше ай бұрын дүние салуы мүмкін.
Павлодар облысы Полиция департаменті оқиға туралы ақпаратты растады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ведомство.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйелдің үйінен, екіншісі көрші үйден табылған. Олардың сөзінше, бұл әйелдің туыстары - қызы мен күйеуі болуы мүмкін. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Кент тұрғындары отбасы оқшау тұрып, бөгде адамдарды үйіне кіргізбегенін айтты. Қарт әйелмен бірге кәмелет жасына толмаған немересі тұрған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *