Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 395,2 млн теңге жұмсалған. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 131,3 млн теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 263,9 млн теңге бағытталған.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны - 2 млн 538 мың адам.

Министрлік 2026 жылғы 1 ақпанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болғанын мәлімдеді. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *