Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

“Қайта оралғысы келмейді“. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы Burger King-тегі дау туралы айтты

0

Burger King Kazakhstan фастфуд мейрамханалар желісіне төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда басшылық қызметкерлерге қатысты орынсыз сөз айтып, қорлайтын әрекет жасағаны айтылған. Компания ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен сөйлесіп, отбасының ұстанымын білді.
Мән-жай
Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған.

"Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", - деп жазды әйел.

Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады.

"Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", - деп қосты әйел.

Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Burger King-тің ұстанымы
Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған.

"Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", - деп атап өтті олар.

Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген.

"6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек.
Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", - деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan.

Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan қызметкеріне қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлаған.
Отбасының ұстанымы
Tengrinews.kz тілшісі Әлібектің анасы Жанат Қаратаймен сөйлесті. Әңгіме барысында әйел расымен ұлының атынан жазылған жұмыстан шығу туралы өтінішті және болған жағдайдың себептерін түсіндіруді сұраған ресми сауалды компанияға тапсырғанын растады.

"Мен Әлібек қол қойған өтінішті апардым және компания ішінде нақты не болғанын, оның жұмыстан шығуына не себеп болғанын түсіндіруді сұрадым", - деді ол.

Оның айтуынша, отбасы нақты жауап ала алмаған. Сондай-ақ, ол компания өкілдерімен кездесуде айтылған басшылық ұстанымы инклюзивтілік қағидаттарын ескермейтіндей көрінгенін жеткізді.

"Ұлымның жағдайы ауыр болды, дәрігерге жүгінуге тура келді. Ол алдымен денсаулығына байланысты жұмысқа бармады, кейін еңбек демалысын пайдаланды. Аяғында компания ерекше қажеттілігі бар адамға түсіністікпен қарауға дайын емес екені айқын болды", - деді Қаратай.

Ол қоғамдық резонанстан кейін компания байланысқа шығуға тырысқанын, бірақ бұл қадам қоғамның қысымынан кейін ғана жасалғандай әсер қалдырғанын айтты.
Анасының айтуынша, Әлібек бұрынғы жұмыс орнына қайта оралмайды.

"Ол қайтып барғысы келмейді. Қазір жағдайы тұрақталды, басқа компаниялардан жұмыс ұсыныстарын қарап жатырмыз", - деді анасы.

Қаратайдың айтуынша, оған компания қызметкерлерінен көп хабарлама келген. Олар басшылық ауысқаннан кейін жұмыс атмосферасы нашарлап кеткенін жеткізген.

"Қоғамның қолдауына қуандым. Инклюзивтілік қағидаттары сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындалса екен", - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде бұл жағдай әлі талқыланып жатыр. Қолданушылар ішкі тексеріс нәтижесінің ашық болуын және компания тарапынан нақтырақ түсіндіруді беруді талап етіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *