Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Дүкенде 10 мың теңгелік ескі купюралар қабылданбаса не істеу керек? Ұлттық банктің жауабы

0

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қазақстандықтар 10 мың теңгелік ескі купюраларды қай жерде айырбастай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шолпанқұловтың айтуынша, сауда орындары 10 мың теңгелік ескі купюраларды қабылдамаса, не істеу керегін айтты. 

"Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ескі купюраларды қолдана аласыз. Егер оларды сауда орындары қабылдамаса, онда екінші деңгейлі банкке немесе Ұлттық банктің филиалына тапсыра аласыз. Мұны кез келген уақытта жасауға болады", - деп түсіндірді ол.

Контекст
Бұған дейін Ұлттық банк ескі үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған. Мұның себебі - мұндай купюралардың халық пен бизнес арасында ең кең таралғаны.
Қазақстанда "Сақ стилі" жаңа сериядағы банкноттарды кезең-кезеңімен шығару жалғасып жатыр. Қазір айналымға 20 000 теңгеден басқа барлық номинал енгізілген, ал 20 000 теңгені шығару 2026 жылдың аяғына жоспарланған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *