Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
21 ақпанда Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарыс күнін фристайл-акробатика өкілдері бастайды: Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асылхан Асан аралас командалар сайысында өнер көрсетеді. Жарыс Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.
Одан кейін 15:00-де өтетін шаңғы жарысында 50 шақырым қашықтықта ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды.
Күн аяғында конькимен жүгіру бағдарламасы өтеді: 20:05-те Елизавета Голубева масс-старт сайысында бақ сынайды.
Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады.
Еске салайық, 21 ақпанға дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. Бұл - мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған алтын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
