Астанада аяз, Алматыда жаңбыр: алдағы үш күнге болжам
Синоптиктер Астана мен Алматыда 26, 27 және 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
26 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -24-26 градус, күндіз -17-19 градус.
27 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -29-31 градус, күндіз -18-20 градус.
28 ақпанда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -27-29 градус, күндіз -15-17 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
26 ақпанда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (көктайғақ жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз 0 +2 градус.
27 ақпанда бұлтты, қар, кей уақытта қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5 градус, күндіз тағы төмендейді.
28 ақпанда бұлтты, кей уақытта қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -7-9 градус, күндіз -3-5 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
