Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

Тараздық Өзбек бірлестігі көмек қолын ұсынды

0

Тараз қаласында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға көмек көрсетті.

Игі бастама аясында әр отбасыға арнайы азық-түлік жиынтықтары табысталды. Азық-түлік қорабының құрамына 15 қап ұн, 15 қап күріш, 15 қап қант және 5 литр күнбағыс майы кірді.

Қайырымдылық шарасына бірлестік жетекшілері белсене қатысып, демеушілік етті. Атап айтқанда, облыстық төраға Набижон Салохотдинов, төраға орынбасары Ганы Каримов, кеңесші Мухабат Усманова, Өзбек аналар кеңесінің төрайымы Диларам Каримова және жастар қанатының жетекшісі Ильхом Исаков игі іске ұйытқы болды.

Бұл қайырымдылық шарасы — өңірдегі бірлік пен татулықтың, өзара қолдаудың және жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Сообщение Тараздық Өзбек бірлестігі көмек қолын ұсынды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *