Қазақтың ұмытылған дәстүрлері қайта жаңғыра ма?
Қазақтың салт-дәстүрлері – рухани тәрбие мен ұлттық болмыстың негізі. Заманауи өзгерістерге қарамастан «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Ат тергеу», «Тілашар», «Бата беру» секілді ғұрыптар бүгінге дейін сақталып келеді. Алайда кейбір дәстүрлер ұмыт қалып барады. Оларды қайта жаңғырту мүмкін бе деген сауал қоғамда жиі айтылады.
ХХ ғасырдағы урбанизация, кеңестік кезеңнің ықпалы, кейінгі жаһандану үдерісі ұлттық салттардың әлсіреуіне әсер етті. Қалалық өмір салты, өзге мәдениетке еліктеу, технологияның қарқынды дамуы да дәстүрдің тұрмыстағы орнын тарылтты. Бүгінде сирек атқарылатын немесе мүлде қолданылмайтын бірнеше ғұрып бар. Соның бірі – Ерулік. Жаңа көшіп келген көршілерді ортаға бейімдеу үшін берілетін дастарқан. Бұл дәстүр көршілік байланысты нығайтып, сыйластықты...
