Қазақстанда доллар қайта арзандады
Қазақстанда 27 ақпандағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 497,56 теңге болып, 3,68 теңгеге төмендеді. Осылайша, бағам нарық үшін маңызды шек саналатын 500 теңгеден қайта төмен түсті.27 ақпанға арналған Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам – 501,75 теңге.kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы мынадай:Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу – 497,29 теңге;сату – 499,50 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу – орта есеппен 495,00 теңге;сату – 502,00 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
