Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 5, 6, 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. 5, 6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
"Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік өңірлерде боран соғады. Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
