Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жаңбыр, қар мен боран: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 8, 9 және 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болатынын болжайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.

9 наурызда елордада ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -6-дан -8 градусқа дейін, күндіз -4-тен -6 градусқа дейін болады.

10 наурызда ауа райы құбылмалы кей уақыттарда қар, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -15-тен -17 градусқа дейін, күндіз -13-тен -15 градусқа дейін төмендейді.

Алматы

8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-ден +2 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін жылынады.

9 наурызда синоптиктер құбылмалы, кешке жаңбырды, түнде тұманды болжайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градусқа дейін болады.

10 наурызда көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр аралас қар, түнде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз +1-ден +3 градусқа дейін болады.

Шымкент

8 наурызда көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін болады.

9 наурызда бұлтты ауа райы, жаңбыр күтіледі, ол күндіз күшейеді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +10-нан +12 градусқа дейін болады.

10 наурызда синоптиктер бұлтты күнді, жауын-шашынды болжайды, түнде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *