Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шымкентте баланың ішегінен магнит пен металл заттар шыққан

0
Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттарды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Бала іші қатты ауырғанына шағымданып, жедел жәрдем бригадасымен қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Уақыт өте жағдайы жақсармады, іш ауруы басылмады, сондықтан біз көмек сұрап, баланы ауруханаға жеткіздік", - деді анасы.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер баланы қарап, іш қуысының рентгенографиясын тағайындаған.

"Тексеру барысында ішекте бөгде заттар - магнит, бұранда және алты қырлы гайка анықталды", - деді дәрігерлер.


Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөліміне жатқызылып, оған шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында қажетті ем қабылдап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *