Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Май
2026

Қостанайда жолаушылар автобусы мен Toyota Alphard соқтығысты

0

Қостанайда автобус пен Toyota Alphard автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасаған "Алау".
Порталдың мәліметінше, апат кеше Назарбаев пен Промышленная көшелерінің қиылысында болған.
Полицияның ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты соталды тергеу амалдары басталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жүргізушісі кері бұрылу маневрін жасау кезінде Alphard автокөлігіне жол бермей, соқтығысуға себеп болған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қос көліктің де жүргізушілері қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде жолаушылар болған жоқ", — делінген материалда.

Қазір полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау қажетін еске салды.
Бұған дейін біз Ақтөбеде Toyota Alphard мінген такси жүргізушісінің ірі көлемде айыппұл жинағаны туралы жазған едік. Полиция жүргізушінің 1,6 миллион теңгеден астам сомаға 36 рет ЖҚЕ бұзғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі тасжолда жылдамдықты үнемі асырумен байланысты.
Тағы оқыңыз: Семейде Alphard-тың мас жүргізушісі жол апатын тудырды















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *