Медеуге дрифт-карттармен бармақ болғандар айыппұл тұрағынан бірақ шықты
Бұл видеоға полиция қызметкерлері шұғыл назар аударды. Мәселе мынада: жалпы пайдаланымдағы жолдарда картинг пен дрифтке арналған спорттық автомобильдермен жүруге тыйым салынған.
Посмотреть в Threads
Полиция өкілдері шеруге қатысқандардың бәрі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ал дрифт-карлар айып тұрағына жөнелтілген.
Дрифт-карттардың мүмкіндігі қандай?
Мұндай модельдерді шығарушылар мен сатушылар сайттарындағы ақпаратқа сүйенсек, электрлі дрифт-карттар сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдық ала алады. Әдетте олар қуаты 2 500 ватт болатын электр қозғалтқыштарымен жабдықталады, ал модельдердің өзі негізінен Қытайда жиналады.
@santaibot_ai Mini drift Toy Car ae86 initialD drift testing with Point of View POV #gokart #driftcart #initiald #ae86trueno #toys ♬ Bad to the Bone - B.sound
Мұндай картингтер танымал спорттық автомобильдер стиліндегі шанақтарының арқасында сұранысқа ие болды. Нарықта сыртқы түрі Porsche 911, Ferrari, Toyota AE86 және басқа да аңызға айналған көліктерге ұқсайтын нұсқалары кездеседі.
Дегенмен, мұндай картингтер жалпы пайдаланымдағы жолдар үшін емес, бастапқыда жабық трассалар мен арнайы алаңдарға арналған. Олардың конструкциясы жалпы көлік ағынында қозғалуға емес, жарыстар мен басқарылатын дрифттерге есептелген.
