Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қара түтін, лапылдаған жалын: Маңғыстаудағы кен орнында шыққан өрттің видеосы тарады

0

Маңғыстау облысындағы Құлжан мұнай кен орнында өрт шықты. Өңірлік экология департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Meerbusch" ЖШС мәліметінше, "Мұнай тапсыру пункті" нысанындағы жергілікті өрт туралы ақпарат 7 тамызда сағат 18:10-да түскен.

Құлжан кен орнындағы өрт, 2026 жылғы 7 тамыз. Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті

Алдын ала мәліметтер бойынша, ЦА-320 цементтеу агрегаты өртенген. Бұл уақытта сыйымдылығы 2000 текше метрлік резервуардың түбіндегі шөгінділерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқан. Резервуардың өзі бос болған, ішінде мұнай болмаған.

Өрт сағат 20:00-ге қарай толық сөндірілді. Департамент мәліметінше, мұнай жабдық сыртына немесе нысан аумағынан тыс жерге төгілмеген.

Алдын ала ақпарат бойынша, айтарлықтай материалдық шығын жоқ. Қазір нысан қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Өрттің шығу себебі, ықтимал шығын көлемі және болған оқиғаға құқықтық баға беру нысанды тексеріп, тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Анықтама: Құлжан мұнай кен орны Қазақстанның Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында, Боранқұл ауылының маңында орналасқан. Учаскені игерумен "Meerbusch" ЖШС компаниясы айналысады.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *