Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды: оқиға орнынан түсірілген кадрлар

0
Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын қуатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерін Богота мен көршілес елдердің тұрғындары сезді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Tiempo-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:34-те болған. Оның эпицентрі Колумбияның батысындағы Чоко департаментіне қарасты Сан-Хосе-дель-Пальмар муниципалитеті маңында орналасқан.
Бастапқыда магнитуда 6,6–6,7 деп хабарланған болатын. Кейін Колумбияның Геологиялық қызметі мәліметті нақтылады: жер сілкінісінің магнитудасы 7,4-ті құрады. Жаңартылған деректер бойынша, дүмпу ошағы шамамен 96 шақырым тереңдікте болған.
Чоко департаментінің губернаторы Нубия Кордоба Кибдо қаласында зардап шеккендер мен ғимараттар айтарлықтай бүлінгені туралы хабарлады. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге айтылған жоқ.
Дүмпулер ел аумағының едәуір бөлігінде сезілді. Богота, Медельин, Кали және басқа да қалалардың тұрғындары жер сілкінісі туралы хабарлады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

EL TIEMPO (@eltiempo) жарияланымы


Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде түсірілген көптеген видео пайда болды. Кадрлардан ғимараттардағы заттар мен конструкциялар теңселгенін, ал адамдар үй-жайларды тастап шығып жатқанын көруге болады.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

EL TIEMPO (@eltiempo) жарияланымы


Билік пен төтенше жағдайлар қызметі жер сілкінісінің ықтимал салдарын тексеруге кірісті.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

EL TIEMPO (@eltiempo) жарияланымы


Колумбия сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан: ел аумағында бірнеше тектоникалық плита түйіседі, сондықтан мұнда жер сілкінісі жиі болып тұрады.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, зақымданулар Чокода ғана емес, елдің батыс бөлігіндегі басқа қалаларда да тіркелген.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Infobae Colombia (@infobaecolombia) жарияланымы


Колумбияның Теңіз басқармасы жер сілкінісінен кейін елдің Тынық мұхиты жағалауында цунами қаупі жоқ екенін мәлімдеді.
Жер асты дүмпулері Колумбиядан тыс - Эквадор мен Панамада да сезілгені атап өтілді. Панамада бірқатар ғимарат пен мемлекеттік мекемелерден адамдар эвакуацияланды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Infobae Colombia (@infobaecolombia) жарияланымы


Колумбия билігі іс-қимылдарды үйлестіру және шығынды бағалау үшін бірыңғай штаб құрды.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда жексенбі, 9 тамызда, үш жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері елдің әртүрлі ауданында болды. Олардың қарқындылығы 2-ден 3 балға дейін жетті.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *