“Көкке қараңыз“: қазақстандықтар 2026 жылдың тамызында аспаннан нені көре алады?
NASA мәліметінше, 12 тамызға бірнеше астрономиялық оқиға тұспа-тұс келеді. Таңертең аспанның бір бөлігінен бірнеше планетаны бақылауға болады, ал түнде Персеид метеор ағыны белсенділігінің шарықтау шегі басталады.
Сонымен қатар бұл күні аспанның бір бөлігінде алты планетаның сирек орналасуын, яғни "планеталар шеруін" көруге болады.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Observatory (@observatory)
Осы күні Күн толық тұтылады. Алайда Қазақстан тұрғындары оны көре алмайды: ел аумағы тұтылудың ішінара фазалары көрінетін аймақтан да тыс жерде орналасқан.
Тұтылудың толық фазасы Еуропаның кейбір аймағында, атап айтқанда Исландия мен Испанияда, сондай-ақ Ресейдегі Таймыр түбегінің солтүстік-шығысында байқалады. Толық фазаның максималды ұзақтығы 2 минут 18 секунд болады.
Ал түнгі аспанды қазақстандықтар тамашалай алады.
Планеталар шеруі: таңертең нені көруге болады?
Фесенков атындағы Астрофизика институты мамандарының айтуынша, бірнеше күн бойы, шамамен 9-14 тамыз аралығында аспанның бір жағында Меркурий, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун орналасады.
Мұндай орналасуды "планеталар шеруі" деп атайды. Бұл ретте планеталар мінсіз түзу сызық бойымен тізілмейді - олар визуалды түрде аспанның бір секторында эклиптика бойымен орналасады.
"Ресми түрде таңғы аспанда алты планета мен Ай болады, бірақ тек Сатурн, Уран, Марс және Нептунды көруге болады. Уран мен Нептунды жарық ластануының әсері аз ірі елдімекендерден алыс жерде телескоп немесе дүрбі көмегімен көруге болады", - деп хабарлады Фесенков институты.
Бақылауға қолайлы уақыт - Күн шығар алдында шамамен 30–60 минут бұрын.
Персеидтер: "аққан жұлдызды" қашан тамашалау керек?
Бұған дейін В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рашит Валиуллин Персеид метеор ағыны белсенділігінің шыңы 13 тамызға қараған түнге тұспа-тұс келетінін айтқан болатын.
Оның сөзінше, Қазақстан тұрғындары аспанды түн ортасынан кейін және таң атқанға дейін - жергілікті уақыт бойынша шамамен 03:00-ден 05:00 аралығында бақылаған дұрыс. Бұл кезеңде Персей шоқжұлдызы солтүстік-шығыс көкжиектен едәуір биікке көтеріледі.
Персеидтерді бақылау үшін телескоп немесе дүрбі қажет емес. Метеорларды жай көзбен тамашалаған абзал. Персеидтер деген не және қазақстандықтарға нені білген маңызды екені туралы мына материалдан оқыңыз.
Тамызға арналған астрономиялық оқиғалар күнтізбесі12 тамыз - күнтізбеде белгілеп қоюға тұрарлық жалғыз күн емес. Бұл айда Ай әртүрлі планетаға жақындайды, ал Меркурий мен Шолпан бақылауға ең қолайлы қалыпқа жетеді:
2 тамыз - Меркурий максималды батыс (таңғы) элонгациясына жетеді. Планета шамамен 19 градус қашықтықта болады;3 тамыз - Ай Нептунның қасынан өтеді;4 тамыз - Ай Сатурнның жанында болады;6 тамыз - Астана уақытымен 07:21-де Айдың соңғы ширегі туады;7 тамыз - Ай Торпақ шоқжұлдызында Уранның қасынан өтеді;9 тамыз - Ай Торпақ шоқжұлдызында Марсқа жақындайды;10 тамыз - Ай өз орбитасында Жерге ең жақын нүктеден (перигей) өтеді. Қашықтық Жер орталығынан шамамен 363 288 шақырым болады;12 тамыз Астана уақытымен 22:36-да - жаңа Ай туады;15 тамыз - Шолпан максималды кешкі элонгациясына (46 градус) жетеді, ал Меркурий Шаян шоқжұлдызында Юпитерден шамамен 0,5 градус солтүстікке қарай өтеді;16 тамыз - Ай Шолпанның қасынан өтеді;20 тамыз Астана уақытымен 07:46-да - Айдың бірінші ширегі туады;28 тамыз Астана уақытымен 09:18-де - Ай толады;30 тамыз - Ай Нептунның қасынан өтеді;31 тамыз - Ай Сатурнның жанында болады.
Бақылауға қалай дайындалу керек?
Көруге барлық құбылысты - Персеид метеор ағыны мен планеталар шеруін тамашалау үшін арнайы жабдық әрдайым қажет бола бермейді. Персеидтерді көзбен көрген абзал, ал кейбір планеталарды бақылау үшін дүрбі немесе телескоп керек болуы мүмкін.
Астрономдар бірнеше қарапайым ережені сақтауға кеңес береді:
аспан көрінісіне кедергі келтірмейтін ашық жер таңдау;жасанды жарық деңгейі төмен болуы үшін қала шамдарынан алысқа шығу;көздің қараңғыға үйренуін шамамен 30 минут уақыт күту;бір нүктеге телмірмей, аспанның барынша кең бөлігіне қарау;ауа райы болжамын алдын ала тексеріп, аспан ашық болатын уақытты таңдау.
Уранды көру үшін дүрбі, ал Нептунды бақылау үшін шағын телескоп қажет болады.
Бақылауға қолайлы жағдай жасанды жарық деңгейі төмен, ірі елдімекендерден алыс жерлерде болады.
Сондықтан тамыз аспанын тамашалағыңыз келсе, басты датаны - 13-іне қараған түнді алдын ала белгілеп қойған жөн. Осы уақытта Қазақстан тұрғындары Персеидтердің ең жоғары белсенділігін, ал 12 тамызда таңертең аспанның бір бөлігінен бірнеше планетаны көре алады.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар Күннің жасырын жағын көріп таңғалды
