Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сирия соты Башар Асадты өлім жазасына кесті

0

Сирия соты республиканың бұрынғы президенті Башар Асадты өлім жазасына кесті. Сот бұрынғы президентті адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Syrian Arab News Agency-ге сілтеме жасап.

Шешімді Дамаск қылмыстық соты шығарды. Башар Асад бірнеше адамды, соның ішінде балаларды қасақана өлтіргені, сондай-ақ азаптау фактілері бойынша кінәлі деп танылды.

Үкім сырттай шығарылды, себебі Асад биліктен қуылғаннан кейін Сириядан кетіп қалған.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Сирия соты елдің экс-президенті Башар Асадты тұтқындауға сырттай ордер берген болатын. Ордер 2011 жылғы Сирияның Дараа провинциясындағы оқиғаларға байланысты шығарылып, оған қасақана кісі өлтіру, өлімге әкеп соқтырған азаптау, сондай-ақ заңсыз бас бостандығынан айыру айыптары енгізілген. Дараадағы оқиғалар 2013 жылға дейін жалғасқан қақтығыстар легінің бастауы болып, Сириядағы зорлық-зомбылықтың ауқымды өршуіне әкеп соқтырды.

Айта кетейік, бұған дейін Дамаск маңында адамдар жаппай жерленген қорым табылды, Сирия билігінің мәліметінше, онда азаматтық соғыс кезінде Башар Асадтың әскері өлтірген кемінде 175 адамның мәйіті болған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *