Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің жартылай финалына шықты

0

Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина жапониялық Наоми Осаканы (№13) жеңіп, Торонтодағы (Канада) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық 15 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді, ал Осака 3 рет допты тікелей беріп, 6 рет қос қателікке бой алдырды.

Жартылай финалда Рыбакина америкалық Кори Гауффпен (№4) ойнайды. Гауфф бұл кезеңге швейцариялық Белинда Бенчичтің (№14) жарақатына байланысты турнирден бас тартуының арқасында шықты.

Еске сала кетейік, Канададағы "мыңдық" турнирдің жалпы жүлде қоры 7,4 миллион доллардан (шамамен 3,5 миллиард теңге) асады. Турнир жеңімпазы WTA есебінде 1000 ұпай иеленіп, 1 085 220 доллар (шамамен 509 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады.

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін беларусьтік Арина Соболенкомен арадағы бәсекелестік туралы пікір білдірді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *