Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматының бір бөлігі түнде сусыз қалады: қай көшелерге қатысты?

0

Алматының Бостандық ауданында 13-нен 14 тамызға қараған түні су беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы Су" ШЖҚ-ға сілтеме жасап.
Су қашан өшіріледі?
Су құбыры желілеріндегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарына байланысты су беру 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тоқтатылады.
Шектеу келесі аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты болады: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі.
"Алматы Су" бұл жұмыстар Алматының сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін жүргізіліп жатқанын хабарлады. Су беру қайта басталғаннан кейін, құбыр желілерін шаю жұмыстарына байланысты су сапасы уақытша өзгеруі мүмкін.

"Осы кезеңде тұрғындарға желілер толық шайылғанша кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ су жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды пайдаланбау ұсынылады", - деп ескертті компания өкілдері.

"Алматы Су" уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *