Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Үндістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ, үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Үндістанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 15 тамызда атап өтіледі. 1947 жылдың дәл осы күні ел ұлыбританиялық отаршылдық биліктен азат болып, алғашқы премьер-министр Джавахарлал Неру Делидегі Қызыл форттың үстінен Үндістан туын көтерген болатын.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *