Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады? Әкімдік жауап берді

0

Алматыда 126 үйді газға тегін қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Tengri Home сауалына қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді. Мегаполистегі жекеменшік үйлердің қаншасы әлі күнге дейін газсыз отырғанын баяндаймыз.
Алматыда қанша үй газға тегін қосылды?
Басқарманың мәліметінше, үйлерді газға тегін қосу жобасы қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаға әлеуметтік осал топтарға жататын алматылықтар қатысқан. Билік 126 үйді газбен қамтуды жоспарлап отыр. Оның 49-ы газ желісіне қосылған, тағы 29 үйде жұмыс жүріп жатыр. Қалған үйлердің құжаттары рәсімделіп, газға қосуға дайындалып жатыр.
Алматыда қанша үйде газ жоқ?
Бұған дейін экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Алматы агломерациясында 18 мыңнан аса жекеменшік үй әлі күнге дейін орталық газ желісіне қосылмағаны айтылған еді. Ал Алматының өзінде қанша үй газсыз отырғаны нақты белгісіз. Себебі әртүрлі қызметтердің деректері бір-біріне сәйкес келмейді. Сол кезде қала әкімі Дархан Сатыбалды жекеменшік тұрғын үй қорына толық түгендеу жүргізіп, қанша нысанның газбен қамтылмағанын нақтылауды тапсырған.
Түгендеу жүргізілді ме, оның нәтижесі қандай? Басқарма бізге былай жауап берді:

"Газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерге түгендеу жүргізіліп жатыр. Газға қосылмаған үйлердің нақты саны осы жұмыс аяқталғаннан кейін белгілі болады. Алматы қаласындағы жекеменшік сектордың 99,6 пайызы газбен қамтылған. Үйдің барлығына дерлік орталық газ жүйесіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалған. Дегенмен қаланың барлық ауданында газға қосылмаған жекелеген тұрғын үйлер бар. Қазір нысандарды газбен жабдықтау жүйесіне қосуға техникалық мүмкіндік бар".

Үйлерді газға қосудың бірыңғай тарифі
Ведомствоаралық комиссия отырысында газға қосылудың бірыңғай құнын белгілеу тетігін әзірлеу де тапсырылған. Алайда энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қазір барлығына ортақ баға белгіленбеген.
Қазір жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар белгілейді. Газға қосылу қанша тұратыны нысанның техникалық ерекшеліктеріне, атқарылатын жұмыстың көлеміне және нарықтағы жағдайға байланысты. Басқарма газ тарату жүйесінің технологиялық сызбасын өзгертуге байланысты шығындарды өтініш беруші төлейтінін де еске салды.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *