Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астанада LRT мен автобустарда жүру бір күнге тегін болады

0

23 тамызда, Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
CTS мәліметінше, бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолданылады:

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;қалалық бағдарларда;экспресс-бағдарларда;қала маңындағы бағдарларда.

Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.Құрылтай сайлауы
Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы (Қазақстанның бірпалаталы Парламенті) 23 тамызға белгіленген. Сайлауға 7 саяси партия қатысады, олардың тізімінде 546 кандидат бар.
Бірпалаталы Парламентке көшу конституциялық реформаның негізгі бөліктерінің бірі болды. Жаңа Конституция жобасында Құрылтай құрамына 145 депутат кіретіні, ал олардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны қарастырылған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *