Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Министр Сүлейменова мектептегі жаңа пәндер туралы айтты

0

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пәндер мен курстар пайда болады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылық пен информатика бағдарламаларына жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education тілшісі.
Мектептерде қандай жаңа пәндер пайда болады?
Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап білім беру бағдарламаларының мазмұны бірнеше міндетті курспен толығады.
5–7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізілсе, 8–11 сынып оқушылары "Заң және тәртіп" пәні енгізіледі.
Бұдан бөлек, 5–11 сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" пәні енеді.

"Өзгерістер "Құқық негіздеріне" де қатысты болмақ. Бұған дейін бұл курс таңдау бойынша пән ретінде оқытылса, енді ол барлық мектеп оқушылары үшін міндетті болады. Оның мазмұны да жаңа Конституция ережелерін ескере отырып жаңартылды", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жасанды интеллектті енгізу
Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу тағы бір жаңашылдық болмақ.
Сүлейменова жасанды интеллект туралы заңға сәйкес мектептегі екі пәннің атауы өзгергенін хабарлады. "Цифрлық сауаттылық" пәні "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", ал "Информатика" - "Информатика және жасанды интеллект" болып өзгертіледі.
Сонымен қатар жасанды интеллектке қатысты тақырыптар 43 оқу мақсатына енгізілді. Жаңартылған бағдарламалар өткен оқу жылында сынақтан өтіп, сарапшылардың оң қорытындысын алды.
Педагогтар үшін жасанды интеллектті қолдану бойынша 19 әдістемелік ұсыным әзірленді.
Министр 12 мамырда Президенттің "Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы қабылданғанын еске салды. Оны іске асыру үшін тиісті министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірледі.
Сүлейменова ауыл мектептерін жаңа технологияларды енгізуге дайындау мәселесіне жеке тоқталды. Оның айтуынша, мектептердегі интернет желілерінің жағдайы тексеріліп, Starlink спутниктік интернетіне қосылу мәселесі шешілген. Жұмыс істеу үшін тиісті әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары үшін "Медиасауаттылық және ЖИ" бөлімінде 17 оқу мақсаты қарастырылғанын хабарлаған болатын. Балаларға қарапайым өмірлік мысалдар арқылы жасанды интеллекттің жұмыс істеу принциптері түсіндіріліп, цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және интернеттегі жауапты мінез-құлық дағдылары үйретіледі.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *