Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Таратуға көмектесіңіз“: министр Үкіметке байланыс нөмірлері жазылған плакат әкелді

0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орнына түсу кезінде баспана мәселесіне тап болған қазақстандық студенттердің қайда жүгіне алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Үкіметте жаңа оқу жылына дайындық мәселесі кеңінен талқыланды. Екі бейінді министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен осы тақырыптағы брифинг екі сағаттан астам уақытқа созылды. Модератор баспасөз мәслихатын аяқтауға оқталғанда, министр Саясат Нұрбек сөз алып, БАҚ пен қазақстандықтарды ақпаратты таратуға көмектесуге шақырды.

"Ақпаратты таратуға көмектесіңіздер: бұл біздің Алматыдағы ахуалдық орталығымыз. Оқуға келген кез келген студентте жатақханаға қатысты мәселе туындаса, осында жүгіне алады, кейін біздің оқытылған мамандар оған қолдау көрсетеді", - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Осыдан кейін министр журналистерге суретке немесе видеоға түсіруге ыңғайлы болуы үшін қолына плакат ұстап, орнынан тұрды.
Фото: Tengrinews.kz/ Алина Шашкина
Плакатта Qyzpu - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасындағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері көрсетілген.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *