Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026

Еркебұлан Тоқтар әлем чемпионын жеңгеннен кейін келесі қарсыласын атады

0
Қазақстандық танымал ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобиржон Исроиловты жеңгеннен кейін келесі қарсыласының кім болғанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша екінші орта салмақта өтіп, екінші раундта аяқталды. Еркебұлан Тоқтар қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында ол келесі айқаста Шовхал Чурчаевпен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

"Келесі қарсылас па? Мен Шовхал Чурчаевпен жұдырықтасқым келетінін бұрыннан айтып жүрмін. Алдағы уақытта бокс бағытын жалғастырғым келеді. ММА – өте ауыр спорт. Оның үстіне тордың ішінде өзіңді қамалғандай сезінесің. Ал бокста өзімді әлдеқайда еркін сезінемін. Ең бастысы – тор жоқ", – деді Тоқтар.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Еркебұлан Тоқтар — актер әрі файтер
Еркебұлан Тоқтар ұзақ уақыт бойы поп-MMA жарыстарында өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой ММА-ға ауысқан актер әрі спортшы. Қазіргі таңда оның рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс.2025 жылдың желтоқсанында ол кәсіпқой бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Еркебұлан Тоқтардың (@erkebulan_toktar) жарияланымы














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *