Қытай сарапшылары: Парламенттік сайлау нәтижесі - Қазақстан тұрақтылығының нышаны әрі кепілі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай сарапшылары Қазақстанда өткен парламенттік сайлауға қатысты өз ойларымен бөлісті. «Сайлау Қазақстан өмірінде маңызды рөл ойнайды деп санаймын. Осыған дейін сіздердің еліңізде президенттік сайлау табысты өткен болатын. Бұл жолғы парламенттік сайлаудың барынша табысты өткендігіне шүбә жоқ.
