Қазақстандық жүзгіш допинг қолданғаны үшін 2 жылға спорттан аластатылды
«Жүзгіш жігіт, кейін белгілі болғандай, «Шаңырақ» республикалық мектеп-интернатында оқыған. Қазір ол колледждің бірінші курс студенті. Ол Олимпиадаға дайындау орталығының құрамына қабылданып, Ұлттық құраманың қатарына да қабылдануға үмітті еді. Кейін денсаулығына қатысты бірқатар проблемалар туындай бастады. Яғни, медициналық тексерістен жиі өтіп кетті. Спортшы 2012 жылдан бері Алматыда тұрып, білім алып жатыр, онда Өскеменнен келген», – деп әңгімеледі Бақашева.
Оның айтуынша, мәселе оны Ұлттық құрама қатарына медициналық жағдайына байланысты қабылдау кезінде туындаған.
«Теміртауда өткен жүзу бойынша Қазақстан спартакиадасына қатысқаннан кейін (ол сәуір айының соңы болатын), спортшыдан алған екі үлгінің оң нәтижесі келді: ол зәр айдаушы препарат екен. Осыдан кейін біз жағдайды қайта қарастырып, спортшы субстанцияның ағзасына қалай түскенін дәлелдейтін барлық дәйектерді ұсынды. Яғни, антидопингтік ереже бойынша, спортшы 4 жылға спорттан шеттетілуі керек еді. Алайда, спортшы жартылай өзінің кінәсі мен ұқыпсыздығынан бұған абайсызда жол беріп алғанын дәлелдей алған соң, оны спорттан шеттету мерзімі екі жылға қысқартылды. Допингке қарсы кодекстің 10-бабында қарастырылған ережеге сәйкес, санкцияны жеңілдету бойынша осындай шара да қолдануға құқығымыз бар», – деді ол.
Майра Бақашева түсіндіріп өткендей, Варакин қан қысымына қарсы дәрі тұтынған екен. Оның құрамында «жарыс кезінде және жарыстан тыс кезеңде тұтынуға тыйым салынатын зәр айдаушы препарат болған».
Дерек көзі: nur.kz