Астанада 400 автобусқа тегiн WI-FI жүйесi орнатылды
Аталған жобаны Астана әкiмдiгi, Beeline ұялы байланыс операторы, “Астана LRT” компаниясы және Астана Innovations инновациялық даму операторы қолға алып отыр. Жалпы WI-FI Bus жобасы Қазақстанда 2013 жылы басталған болатын.
Beeline Қазақстан компаниясының атқарушы директоры Тарас Пархоменконың айтуынша, қазiргi уақытта WI-FI Bus жобасы 9 қалада жүзеге асырылуда.
“Интернеттiң жылдамдығы секундына 1,5-нан 10 мегабиттi құрайды. Бүгiн бiрнеше сағаттың iшiнде автобустардағы Интернеттi 300 астам адам пайдаланған және 2,5 гб трафик жүктедi”, – дейдi ол.
“Астана LRT” компаниясының басшысы Талғат Ардан атап көрсеткенiндей, бүгiнде 100 автобус Интернетпен жабдықталса, түстен кейiн олардың саны 400-ге жетедi.
“Жақын болашақта барлық автобустарда WI-FI модульдер орнатылады. Бюджеттен ешбiр тиын бөлiнген емес”, – дедi Т. Ардан.
Дерек көзі: nur.kz
