Добавить новость
smi24.net
Все новости
Июль
2015

«Арман қанатында» жаңа телехикаяның актерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

«Көркем фильм» кинокомпаниясы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша шілде айында «Арман қанатында» («Право на мечту») атты жаңа хикаяның түсіріліміне кіріспекші. 64 сериялы теленовелла «Жасөспірімдер үйінде» өмір сүретін және үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасап отырған балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы сыр шертеді.
Телехикаяның түсіріліміне байланысты «Көркем фильм» БАҚ өкілдерін бүгін Луганский көш., 95 мекенжайы бойынша (Алматы қаласы) бас ролге бекітілген актерлермен, «SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен кездесуге шақырды.

Шақырылған актерлер арасында Ербол Семқұлов, Шәріп Серік, Әйгерім Айдар және Раушан Ермағамбетовалар болады. Актерлер үшін бұл кездесудің мақсаты - атмосфераны сезініп, балалар үйінің тәрбиеленушілерін түсіне білу.

Сонымен қатар, ертең, 1 шілдеде сағат 09.00-де «Көркем фильм» ескі алаңда (Алматы қаласы, Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысы) «Арман қанатында» хикаясының басталуына орай тәрелкені сындыру рәсімін өткізеді. Кинокомпания барлық БАҚ өкілдерін және келем деушілерді осы салтанатқа қатысуға шақырады.

Осындай тақырыпта хикая түсіру телевизия үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Сондай-ақ, теленовелланың бірнеше ерекшеліктері бар. Хикаяға еліміздің балалар үйінде тәрбиеленген актерлер және заманауи «Жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері қатысады.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *