Добавить новость
smi24.net
Все новости
Сентябрь
2025

2030 жылға дейін облыс аумағындағы төрт халықаралық өткізу пункті жаңғыртылады.

0

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Сапар барысында министр облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Мамлют ауданы аумағында орналасқан «Жаңа жол» автомобиль өткізу пунктінің жұмысымен танысты.

Автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында аталған нысанды қайта жаңарту жоспарланған. Жоба аясында бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, кедендік және шекаралық органдардың ақпараттық платформаларын біріктіру, сондай-ақ жүк пен жолаушыларды жедел рәсімдеуге арналған «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру көзделген.

Сонымен қатар, республикалық маңызға ие Мамлютка – «Жаңа жол» өткізу пункті бағытындағы автомобиль жолының 30 шақырымдық учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жол картасына сәйкес, 2030 жылға дейін өңір аумағындағы «Жаңа жол», «Қызылжар», «Қарақоға» және «Бидайық» халықаралық өткізу пункттері кезең-кезеңімен жаңғыртылады.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *