М.Жұмабаев ауданында егіс алқаптарының 55 % жиналды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары аясында М. Жұмабаев ауданына барып, орақ науқанының барысымен танысты. Бүгінгі күні жалпы көлемі 419,2 мың гектар егіс алқаптарының 55 % жиналды.
Ауданның аграриилері заманауи технологияларды белсенді түрде енгізуде. Егіс алқаптарының 75 %-нда ауа райын бақылау жүйелері, топырақты талдауға арналған датчиктер мен жасанды интеллект элементтері қолданылып жатыр. Бұл жұмыстардың дәлдігін арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
— Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мамандардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Техника жаңартылып, еңбек ету мен ауылды жерде өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалуда. Жұмысшы мамандықтарды қолдау — біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі,- деді өңір басшысы.
