Қырғызстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Конституция өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы желіде пайда болған парламент спикері Чыныбай Турсунбеков пен Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының лидері Иса Омуркуловтың қолы қойылған құжаттарға қарап айтуға болады, деп хабарлады КирТАГ.
