Добавить новость
smi24.net
Vlast.kz
Август
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

«Туризмді дамыту үшін Бозжырада қонақүй болуы міндетті емес»

0

Жұртшылықтың наразылығынан кейін тоқтап тұрған табиғи аумақтарды дамыту бағытындағы екі даулы жоба қайтадан бас көтерді: әуелі Алматыдағы Көкжайлау, одан кейін Маңғыстаудағы Бозжыра. Бес жыл бұрын табиғаты тамаша Бозжыра шатқалында қонақүй салу идеясы халықтың наразылығын тудырған еді. Қазір «экологиялық тұрақтылық» деген жаңа қаптама киген жоба қайтадан талқыланып жатыр. Анық-қанығы әзірге белгісіз.

Бес жыл бұрын Бозжырадағы құрылысқа жұртшылық неліктен қарсы болды, одан бері бірдеңе өзгерді ме, шынымен де қонақүй салу туризмді дамытуға септігін тигізе ме? «Власть» осы сауалдарға жауап іздеді.

Жобаны қайта қарау

Жаз басында Agalarov Development компаниясының негізін қалаушы әрі бизнесмен Эмин Агаларов (ресейлік олигарх Араз Агаларовтың ұлы, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қызы Лейла Әлиевамен некеде болған) Instagram желісінде жаңа жобасы үшін Бозжыра құрылысын зерттейтінін мәлімдеген видео жариялады. Оның ішінде қонақүй құрылысы туралы да айтылды.

Агаларов бірнеше жыл бұрын 40 миллиард теңге тұратын сафари-қонақүй жобасының қоғам наразылығы салдарынан тоқтап қалғанын, содан кейін Қазақстанның бұрынғы президентіне жақын түрік инвесторы Феттах Таминже одан бас тартқанын білді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Агаларовтың хабарламасына жұрт реакциясы ұқсас болды — видеосының астына Маңғыстау облысының тұрғындары мен қоғам қайраткерлері көптеген сыни пікір қалдырды.

Жергілікті билік жобаны «экологиялық тұрғыдан орнықты» деп көрсетуге тырысып бағып жатыр.

Маңғыстау облысының туризм басқармасы баспасөз хабарламаларында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді деп көрсетеді. Сонымен қатар олар жергілікті тұрғындардың, сала мамандарының, экология және ғылыми қауымдастық өкілдерінің пікірін ескереміз деп уәде беріп отыр.

Біраз уақыт бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында туризм саласына жеке инвесторларды тарту туралы айта келіп, саланың инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған кез келген бастамаға қарсылық білдіретін адамдардың жетегінде кетпеуге шақырды. Мысалға Бозжыра шатқалының жағдайын келтірді.

Алайда президент болған алғашқы жылы Тоқаев үкіметке «қонақүй құрылысына қатысты қоғамдық пікір теріс екенін ескере отырып», бұл жобаны қайта қарауды тапсырған еді.

Жаңа жобаның алдыңғысынан ерекшелігі неде, бұрын сынға ұшыраған экологиялық және әлеуметтік қауіп жойылды ма? «Власть» тілшісінің бұл сұрағына Маңғыстау облысының туризм басқармасы «құрылыс аумағы әлі анықталып жатыр, жоба бойынша шешім қабылданып, келісілген кезде нақтыланады» деп жауап берді.

Маңғыстау облысының басшылары қай жаңа орынды таңдаса да, бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қонақүй қорық аумағынан тыс жерде салынады деп уәде берген. Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысының ерекше қорғалатын аумақтары тізіміне енген «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қорығының құрамына кіреді. Оның жалпы ауданы – 316 141,0 гектар.

«...(Жобалар) міндетті түрде қоғамдық тыңдауда талқылануы керек, соған байланысты құрылыс-монтаж жұмысы басталғанша экологиялық және әлеуметтік қауіп анықталып, ескерілетін болады», — деп уәде берді басқарма. 

«Власть» сауалына жауап ретінде ведомство инвестордың аймаққа танысу мақсатында келгенін, жоба бойынша ұсыныстар әзірлену сатысында екенін де айтты. Әзірге инвестор бар, бірақ жобаның нақты қалай жүзеге асатыны анық емес.

Алайда шенеуніктерде туристерді қалай тартатыны туралы анық көрініс бар. Олардың болжамы бойынша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде туристер ағыны тұрақты өсіп, жылына 50–70 мың адамға дейін қамтуға болады. Сонымен қатар 150-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Мекеме мысал ретінде БАӘ-дегі Dubai Desert Conservation Reserve шөлейт қорығын келтірді, ол «қаладан тыс жерде туризмді едәуір әртараптандыруға, жыл сайын мыңдаған экотурист тартуға және жүздеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді».

Қоғам не дейді?

«Бозжыра туралы айтсақ, Маңғыстаудың ерекшелігіне айналған осы бір қызғылт көрініс әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді қызықтырып отыр. Ал оған жақын жерден қонақүй пайда болғанын елестетіп көріңізші. Тіпті ең заманауи, пейзажға сай келетін құрылыс та көріністі бұзады. Бозжыра құндылығын жоғалтады, жай ғана элиталық қонақүйдің артындағы көрініске айналады», — дейді Ажар Жандосова.

2020 жылы Жандосова басқа белсенділермен және жергілікті тұрғындармен бірге шатқалды дамыту бағытындағы құрылыс жобасына қарсы шықты. Содан кейін жоба тоқтады, бірақ президенттің баспасөз хатшысы оның сөзін түсіндіріп, бұл жобаның күшін жою дегенді білдірмейтінін баса айтты.

«Кез келген уақытша шегініс — заңға жаңадан түзету енгізіп, халықтың назарын салық пен коммуналдық қызмет ақысын көтеру сияқты маңыздырақ мәселеге аудару арқылы қолайлы сәтті күту мен мұқият дайындыққа арналған үзіліс сияқты көрінеді», — дейді Жандосова.

Ол Тоқаевтың кез келген бастамаға қарсылық білдірген адамдардың жетегінде кетпеу керек деген сөзі табиғи және мәдени құндылықтарды сақтауды жақтайтындардың барлығына ауыр соққы болғанын және табиғи ресурстарға орны толмас зиян келтіретін шешімдер қабылдануы мүмкін екенін көрсететін қорқынышты белгі екенін атап өтті.

Ажар Жандосова, фото Тимур Нүсімбековтікі, adamdar.ca

«Тау баурайындағы көз тартатын құрылыстың суретін көрсетіп, миға қонбайтын болашақта түсетін табыс туралы әңгіме айтып жүргендер сияқты президентке тікелей шығатын мүмкіндік бізде жоқ. «Естуші мемлекет» девелоперлерді және олармен ым-жымы бір шенеуніктерді ғана емес, азаматтық қоғамды да тыңдайды деп үміттенеміз», — дейді қоғам белсендісі.

Маңғыстау облысының тұрғыны, экобелсенді Әсел Доғдырбайқызы Бозжырада құрылыс жұмысы қайта басталуы мүмкін деген хабарды алаң көңілмен қабылдағанын айтады.

«2020 жылы үкімет пен инвесторлар халықтың дауысын естіп, ақылға келді деп сендік. Алайда енді сол жоба қайта жанданбақ деген ақпарат біз үшін үлкен соққы. Бұл халықтың үмітін аяқасты ету ғана емес, сондай-ақ азаматтық қоғамның пікірімен санаспау деп қабылдаймыз», — деді ол.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Меңдібай Ағиев қоғамдық пікір құрылысты қолдауға бет бұрғандай көрінгенімен, бұл тұста әкімдіктердің ұстанымы маңызды рөл атқарады деп есептейді.

«Баса көктеп билік саламыз деді ғой. Әлеуметтік желіде жаздық, пікірімізді елеп жатқан жоқ (...) Ішіміз күйіп барады, бірақ күресуге дәрмен жоқ. Көбі "президент тапсырды, ол қалайда орындалады" деген бұқпа, көнбіс мінезбен тұқырып қалды», — дейді Ағиев. 

Доғдырбайқызы жергілікті тұрғындардың әлі де құрылысқа қарсы екенін, кәсіпкер Агаларовтың демалыс орнын салу жоспарын жариялаған жазбасынан бұл қарсылық анық байқалғанын айтады.

Жандосова қазір мұндай жобаларды ашық офлайн талқылау іс жүзінде өтпейтінін, тіпті қоғамдық тыңдау да онлайн өтетінін атап өтті.

Соған қарамастан, оның айтуынша, қоғам белсенділері жобаларды жұртшылықпен және сарапшылармен талқылауда ашықтықты талап етіп, экотуризмді барынша орнықты дамытуға мүмкіндік беретін бірлескен шешім әзірлеуді ұсынып жүр.

«Табиғи ескерткішке зардап келтірмеу жолында заң аясындағы барлық мүмкіндікті қолданамыз», — дейді ол.

Фото Малика Әутәліповтікі, adamdar.ca

Қонақүй салғаннан басқа жол жоқ па?

«2020 жылы қонақүй салмақ болғанда құрылыс аймақтың әдемі көрінісін бұзады деп бәрі қарсы болды. Көпшілік ол жерге сол тамашаны көруге барады, — дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының атқарушы директоры Вера Воронова. — Кез келген ірі құрылыс жобасы табиғи беделді бұзады. Мәселе осында».

Оның айтуынша, Бозжыраның топырағы саз, өте сезімтал, көлік бір жүріп өтсе, ізі ондаған жыл бойы кетпейді.

«Әрине, кез келген ірі құрылыс алаңында үлкен құрылыс техникасы жүреді, бұның залалы тіптен ауыр. Ең бастысы, мұнда қандай ауқымды құрылыс салса да, орнықты бола алмайды деп ойлаймын. Себебі ол жерде су жоқ, бәрін жеткізуге тура келеді», — дейді Воронова.

Ол тіпті құрылыс салынбаса да, туристер ағыны көбеюіне байланысты биоалуантүрлілік өзгеріп жатқанын атап өтті.

«Аймақта тіршілік иесі жоқтың қасы. Қарақұйрықтар тек таңсәріде шығады. Жабайы аңдар туристер үнемі жүретін жерде өмір сүрмейді», — дейді ол.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының мәліметінше, Бозжыра шатқалы аумағының шығыс бөлігіндегі жартасты жоталарда үстірт арқары мекендейді. Бұл өңірде дала қыраны, бүркіт, дуадақ, жапалақ пен қарақұйрық сияқты жыртқыш құстар да кездеседі. Өсімдіктерден баялыш пен Соғды қызғалдағы өседі.

«Жабайы жануарлар мен құстардың мекені «Қызылсай» қорығы инспекторларының бақылауында. Құрылыс алаңына бағыт алған көліктер арнайы бөлінген бір жолмен ғана жүруі керек, ол да инспекторлардың қадағалауында болады», — делінген басқарма жауабында.

Әсел Доғдырбайқызы қонақүй құрылысы табиғатқа ғана емес, жергілікті халыққа да теріс әсерін тигізеді деп есептейді.

«Бозжыра маңғыстаулықтар үшін тек көркем жер емес, бұл қасиетті орын, ұлттық болмысымыздың бір бөлшегі. Туризмнің агрессив формасы жергілікті халықтың өмір салтына кері әсер етеді», — дейді экобелсенді.

Ажар Жандосова инвестор мен билік өкілдері жобаны «экологиялық тұрғыдан орнықты» деп атағанда нені меңзейтінін түсінбейді. Оның пікірінше, қоршаған орта үшін ең дұрыс шешім — Бозжыра маңында мүлдем қонақүй салмау.

«Көшпенділердің басты қағидасы — артыңнан ешқандай із қалдырмау. Мұны экологиялық жауапкершіліктің принципі деуге де болады», — дейді ол.

«Власть» тілшілерімен сөйлескен өзге қоғам белсенділері сияқты, Жандосова да туризмді дамытуға инвестиция салуға қарсы емес екенін айтады. Бірақ олар бұл дамудың жауапкершілікпен, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам пікірін ескере отырып, табиғи аумаққа зиян келтірмей жүзеге асуын қолдайды.

«Туризм саласындағы инвесторлар көбіне қонақүй мен мейрамхана салуға қаржы құйғанды жөн көреді, ал инфрақұрылымды мемлекет есебінен жасау керек деп есептейді. Мұндай жағдайда да инвестиция салудың басқа мүмкіндіктері бар, мысалы, тура сол нысандарды құрылыстың табиғатқа зияны мейлінше аз аумақтарда салуға болады», — дейді ол.

Белсенділер мұндай учаскелерді ұсынған, олардың қатарында туристерге қызықты болуы мүмкін Сенек ауылындағы аймақ та бар. Келіссе, ауылдағы жергілікті халыққа жұмыс орындары ашылар еді.

Воронова да қонақүй салу негізсіз шешім деп санайды, өйткені Бозжыра Ақтаудан шамамен 300 шақырым, ал Жаңаөзеннен 148 шақырым ғана қашықта орналасқан.

Фото Малика Әутәліповтікі, adamdar.ca

«Түрлі амалы бар ғой, шатыр алып барып қонуға болады. Үлкен қонақүйдің болмауы туризмді дамытуға кедергі емес», — дейді ол.

Оның орнына Воронова Бозжыра маңында базалық инфрақұрылымды дамытып, жергілікті бизнестің әрі қарай өркендеуіне жағдай жасауды ұсынады.

Оның айтуынша, Бозжыра маңында көліктер бағдардан ауытқымас үшін қайда және қалай жүру керегін көрсететін жол белгілері жеткіліксіз. Сондай-ақ арнайы шатыр тігуге арналған алаңдар мен экологиялық әжетханалар жетіспейді.

«Турфирмалар бұл жердің жақсы сақталуына мүдделі, өйткені табыс көзі. Сондықтан да жауапкершілікпен қарайды, артынан қоқысын жинап кетеді. Бұл — туристер жергілікті халыққа экономикалық пайда әкелетін нағыз экотуризм», — деп түйіндеді ол.

Жандосова қазір Бозжыраға реттелмеген туризм зор зиян келтіріп отырғанын айтады. Ерекше мекенді қорғау үшін ең әуелі қарапайым тәртіп орнату маңызды.

«Бұл жергілікті биліктің қолынан келеді, ол үшін ЮНЕСКО мәртебесі де (белсенділер Бозжыраны ЮНЕСКО тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс хат жолдаған — ред.) қажет емес, қонақүй салудың да керегі жоқ», — дейді ол.

Қонақүй құрылысы есебінен жұмыс орындары ашылуы мүмкін дегенде, Доғдырбайқызы қысқа мерзім тұрғысынан мұндай нысан расында да табыс әкеліп, жұмыс орындары ашылуы мүмкін екенін айтады. Алайда экономикалық пайда табиғатты бүлдіру есебінен болмауға тиіс.

«Табиғат аясындағы туризмді дамыту үшін міндетті түрде үлкен құрылыс жүргізу шарт емес. Экотуризмді дамытып, жеңіл, экологиялық таза жолдармен де көрсетуге болады. Әлемнің дамыған елдері табиғатты осылай қорғайды», — дейді Доғдырбайқызы. 

Меңдібай Ағиев те осы пікірді қолдайды. «Біздің билік халық жұмыспен қамтылады деген ескі күйтабақты ойнатудан шаршамайды. Халыққа қандай жұмыс беріледі? Қарауыл, үй тазалаушы, ыдыс-аяқ жуушы және тағы басқа. Ал басқа жұмыстарға оқыған маман керек», — дейді ол.








Развлекательная программа от «Юмор FM» на «Четыре Лапы Фесте»

Эндокринолог Филатова: меню против боли при ПМС

В закрытом атомном городе Лесном запустили программу превентивной медицины

Дерматолог Энгельгардт перечислила продукты, из-за которых обостряются все кожные проблемы


“Brilliant deal” – Former player claims Arsenal are about to pull off THE signing of the summer

Jannat Zubair sparks fallout rumours after unfollowing close friend Apoorva Mukhija on social media; read deets

Sam Altman might be right: He’s not the only one who thinks the stock market is in ‘bubble’ territory

'He was better than Sachin ... ': Kambli's brother makes big revelation


В Орле легковушка сбила школьницу на велосипеде

«Ехал поезд запоздалый…»

Нежное....

Основы движения вверх


'I hope all your cars break down': Destiny players bid good riddance to departing Bungie CEO Pete Parsons in a rare moment of unity

Block Fortress 2 выйдет на iOS в середине сентября

87% of game developers are already using AI agents and over a third use AI for creative elements like level design and dialogue according to a new Google survey

Разработчики Marvel Rivals объяснили работу матчмейкинга



Ранняя диагностика меланомы: почему это важно для жителей Челябинской области

Развлекательная программа от «Юмор FM» на «Четыре Лапы Фесте»

Axenix предлагает рынку услугу диагностики готовности бизнеса к переходу на российские системы IBP

Водитель грузовика при движении задним ходом задавил человека на западе Москвы


Что делает врач-гинеколог: процедуры и манипуляции

Педагог Ворсина: учитель часто остается один на один с проблемой

Развлекательная программа от «Юмор FM» на «Четыре Лапы Фесте»

Ранняя диагностика меланомы: почему это важно для жителей Челябинской области


Астроном высказался о связи «черной Луны» с апокалипсисом

Искусственный интеллект и ТИМ: цифровая трансформация стройки в Москве

Юрист Дмитрий Кваша: как остановить назойливые звонки коллекторов

Юлдус Бахтиозина: Когда художник анализирует себя — это моветон


Серена Уильямс призналась, что принимает препарат для похудения

Татьяна Прозорова уступила в полуфинале Открытого чемпионата США

Швентек завоевала титул на турнире WTA 1000 в Цинциннати

Александрова и Шнайдер вышли в полуфинал турнира WTA в Монтеррее


Водитель грузовика при движении задним ходом задавил человека на западе Москвы

Юлдус Бахтиозина: Когда художник анализирует себя — это моветон

С-стабильность. Оренбургская область передает в федеральный бюджет 85,2% собранных налогов

Искусственный интеллект и ТИМ: цифровая трансформация стройки в Москве


Музыкальные новости

Искусство на службе добра: Новосибирск принимает благотворительный концерт «Культура в помощь Донбассу»

Лариса Долина отметит свой юбилей грандиозным концертом «В кругу друзей» на сцене Государственного Кремлевского Дворца

Филипп Киркоров возвращается на сцену после травмы руки

Певица Алсу на «Новой волне» рассказала о семейных традициях и любви к татарской кухне


Модный показ «Преппи стайл» в ТРЦ «Нора»

Ранняя диагностика меланомы: почему это важно для жителей Челябинской области

Axenix предлагает рынку услугу диагностики готовности бизнеса к переходу на российские системы IBP

Развлекательная программа от «Юмор FM» на «Четыре Лапы Фесте»


Инклюзивный спектакль певицы Жасмин покажут на Международном детском культурном форуме

LG ПРЕДСТАВЛЯЕТ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫЕ РЕШЕНИЯ НА ОСНОВЕ AI ДЛЯ СТИРКИ НА ВЫСТАВКЕ IFA 2025

Кубок КВН Главы Ленинского городского округа пройдет в Видном 30 августа

Искусство на службе добра: Новосибирск принимает благотворительный концерт «Культура в помощь Донбассу»


Водитель грузовика при движении задним ходом задавил человека на западе Москвы

Autonews: В Москве и Петербурге начали массово угонять китайские автомобили

В Москве росгвардейцы обеспечили безопасность автопробега, посвящённого Дню государственного флага

Водитель «газели» погиб в ДТП с грузовиком на 16-м километре МКАД в Москве


Лукашенко назвал Минск идеальным местом для встречи Путина с Зеленским

Политолог Суздальцев: Дубай может стать местом встречи Путина и Зеленского

В студии Postimees Игорь Грецкий: реальна ли в обозримом будущем встреча Зеленского и Путина?

Путин принял министра иностранных дел Индии Джайшанкара в Москве




Диетолог Чехонина развеяла три популярных мифа о вреде пальмового масла

Терапевт Кондрахин назвал эффективные способы борьбы с болезнью Альцгеймера

Бывший министр здравоохранения Хабаровского края задержан в Москве

Ранняя диагностика меланомы: почему это важно для жителей Челябинской области


В студии Postimees Игорь Грецкий: реальна ли в обозримом будущем встреча Зеленского и Путина?

В Киеве утверждают о провале Зеленского

Лукашенко: Путин не разрешил ударить «Орешником» по Банковой

Советник главы Офиса Зеленского: Киев готов временно признать часть территорий


В Москве тренера взяли под стражу по обвинению в изнасиловании ученицы

Россиян с Днем Государственного флага поздравляют с медиаэкранов страны

«Спартак» пытался купить уругвайского защитника, но получил отказ — Романо

В Благовещенске состоялся Всероссийский спортивно-патриотический забег «От Победы к Победе!»


Лукашенко предложил организовать встречу Путина и Зеленского в Минске

Лукашенко назвал Минск идеальным местом для встречи Путина с Зеленским

Лукашенко считает, что ему не о чем говорить с беглыми оппозиционерами

Лукашенко: Белоруссия нацелена на постепенное налаживание отношений с США


Собянин рассказал о реконструкции корпуса образовательного центра «Протон»

Сергей Собянин и Оксана Лут посетили фестиваль «Вкусы России» на ВДНХ

Собянин: 220 семей из Люблина переселяются в новый дом по программе реновации

Сергей Собянин: 14 лет МФЦ в Москве и новые перспективы госуслуг


Московский зоопарк пополнился редким оранжевохохлым какаду из Новосибирска, который находится на грани вымирания

Россиян ждет аномальная погода в ближайшие дни

По данным СМИ, площадь лесных пожаров в ЕС превысила миллион гектаров

Станции зарядки электробусов установят около метро «Филатов Луг»


Водитель грузовика при движении задним ходом задавил человека на западе Москвы

Самарская область укрепляет культурные связи с ведущими музеями страны

Когда банк может ввести лимит на снятие наличных и что делать в случае ошибки

Расходы красноярцев на сборы детей в школу в 2025 году выросли на 16%


Наш ответ Харлею: новый российский мотоцикл представили в Москве

«Два Алтая» вошли в федеральную программу по развитию въездного туризма

Решением суда по исковому заявлению прокуратуры в пользу многодетного отца с Федеральной службы судебных приставов взысканы убытки, причиненные незаконным бездействием

В Ненецком округе руководящие работники балуются откатами


Саранскую телемачту в День флага России украсит 180-метровый световой триколор

Поезда в Крым и из Крыма задерживаются в пути

Погода 22 августа: ночью до +14

Восемь поездов в Крым и обратно отстают от графика


Сергей Собянин и Оксана Лут посетили фестиваль «Вкусы России» на ВДНХ

Искусственный интеллект и ТИМ: цифровая трансформация стройки в Москве

Астроном высказался о связи «черной Луны» с апокалипсисом

Одним из ключевых направлений российского образования стала новая Единая модель профориентации «Билет в будущее», которую по поручению министерства просвещения развивает Фонд Гуманитарных Проектов














СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *