Добавить новость
smi24.net
Vlast.kz
Сентябрь
2025
1 2 3 4 5 6
7
8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Сау болғанымыз керек пе, әлде?..

0

Ирина Адамович, Власть

Былтыр Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының шекті мөлшерден асқан бөлігін тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігін алып тастамақ болды. Олар мұны «алаяқтар қолданып жүр» дегенге келтірді. Көпшілік өре түрегелген соң, министрлік талқылауға ұсынылған шешімнен бас тартты. Араға бір жыл салып бұл тыйымды қайта енгізу ұсынылды, себебі дәл былтырғыдай.

Министрліктің пресс-релизіне сүйенсек, 2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде 222 млрд теңгеден астам қаражат «ТОП-20 стоматологиялық клиникаға жіберілген. Олардың негізгі бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан».

Денсаумин миллиардтар шынымен мақсатқа сай жұмсалғанына күмән келтіргісі келген сияқты. Алайда қазақстандықтардың жетекші клиникаларға баруы, әсіресе «ірі қаладағы клиникаларға» баруы неге жаңалық болып отыр? Ауылдық жерлерде мұндай клиникаларды ешкім ашпайды, сондықтан ауыл тұрғындары мединицалық көмек алу үшін аудан орталығына, тіпті көбіне жүздеген шақырымды артқа тастап, облыс орталығына барады.

Бірнеше жыл бұрын Алматыдан оншақты шақырым жерде орналасқан кентте тұратын анам ауылдағы стоматологқа барғаннан кейін үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға айналды. Тісін жұлғаннан кейін көру жүйкесінде неврит пайда болып, ақыры бір көзі мүлдем көрмей қалды. Қымбат әрі ұзаққа созылған ем ешқандай нәтиже бермеді. Емнің ақысын өз қалтасынан төледі.

Ауылда медициналық көмек көрсету сапалы әрі қолжетімді болғанда, мұндай жағдай болмас еді. Әрі стоматология қызметі – елдегі ең қымбат қызметтің бірі, ал протез салу және имплантация МӘМС-те жоқ. Енді мемлекет азаматтарды өзі жинап тапқан ақшаны денсаулығына жарату мүмкіндігінен айырмақшы.

Кейінгі кездері Денсаумин денсаулық сақтау жүйесіне енгізіп жүрген жаңалықтар (мысалы, алғашқы медициналық көмекті ККТМК-ден шығару және қант диабетін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып, оны медициналық сақтандыру жүйесіне көшіру) жоғары мінберде айтылатын ой мен жоба құжаматтамасында айтылатын сөзге керағар.

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға қарай медицина жақсы жаққа өзгереді, соған сай ақысы да жоғары болады дейді. Қазақстандықтар онсыз да мемлекеттік медқызмет сапасы мен оған қол жеткізу жағдайына көңілі толмайды, бұл медициналық көмекке кететін жеке шығынның көп болуына әкеліп отыр. Салық пен медқызмет тарифін, салымын көбейте отырып, зейнетақы жинағы есебінен қалта көтере бермейтін медициналық қызметке төлем жасау мүмкіндігінен айыра отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде де, жалпы өмір сапасын жақсарту бағытында да алға қойған мақсатқа жете қоюы неғайбыл.

Мемлекет мәселені шешуде алған бағытынан қайтпайтынын тағы да көрсетіп отыр. Зейнетақы жинағындағы алаяқтықпен күресуге тиімді жүйе құрудың орнына, азаматтардың сол жинақ есебінен тісін емдету мүмкіндігін шектемекші. Ендігі жерде елге отыз екі тісінің саулығы үшін өз бетінше ақша жинаудан басқа жол қалмай тұр.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *