Главные новости Сухого Лога
Сухой Лог
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7
8
9 10 11
12
13 14
15
16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

«Шығыны мен көлемі он есе көп демесең, сол баяғы Көкжайлау жобасы»

0

Ольга Логинова, Ақбота Узбекбай, Власть

Көкжайлауда курорт салуға қарсы науқан ел тарихындағы ең ауқымды әрі ең сәтті мысалдың бірі болып көрінген. Науқан белсенділер мен сарапшылар сынға алған жобаны жаңа президенттің кейінге қалдыруымен аяқталған. Бірнеше жылдан кейін жоба қайтадан бас көтеріп, Алматы тау кластерінің даму жоспарына кірді. Бұл оқиға бұрын Көкжайлауды қорғауға қатысқан экология белсенділерінің, қоғам қайраткерлері мен тұрғындардың уайымына айналды.

Олар шатқалды қазіргі күйінде сақтап қалу үшін тағы да күресуге дайын ба, жаңа қоғамдық науқанның сәтті шығуы неге байланысты? «Власть» мамандармен осы жөнінде сөйлесті.

Тау кластері жобасы туралы не білеміз?

Алматы агломерациясында тау туризмі кластерін құру қажеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қараша айында мәлімдеді.

Президентің сөзіне қарағанда, Түрген ауылы мен Қаскелең қаласының арасындағы шығыс және батыс бөлік «аталған аумақтардың әкімшілік мәртебесіне қарамастан, кешенді түрде игерілуге тиіс».

Бірнеше айдан кейін Алматының сол кездегі әкімі Ерболат Досаев тау кластері жобасы әзірленіп жатқанын айтып, бұл іспен халықаралық компаниялар консорциумы айналысатыны туралы есеп берді. Құжат көпшіліктің талқысына биыл ақпан айында ғана шығарылды. Экология министрлігі жобаны әзірлеуге қатыспаған, ал белсенділер мен сарапшылар бұл жобадан бас тартуға шақырды. Олар құрылыс негізінен қорғалатын аумақтарға әсер ететінін айтады.

Құжаттан тау шаңғысына арналған жолдар мен аспалы жолдарды, сондай-ақ коммерциялық инфрақұрылымды кең ауқымда салу жоспарланғаны белгілі болды.

Жоспарда «Нұрсұлтан шыңы», «Сухой лог», «Кімасар», «Пионер–Oi Qaragai», «Бұтақты–Пионер» және «Бұтақты» аспалы жолдары көрсетілген. Аспалы жолды Үлкен Алматы көлінде, MedeuEcoPark-тен Көкжайлауға, Қазачкадан Көкжайлауға дейін салу да көзделіп отыр.

Кімасар сайында қонақүй кешенін, ал Іле Алатауы ұлттық паркінде 15 глэмпинг, басқа да қонақүйлер мен визит орталық салу жоспарланған.

Биыл мамыр айында премьер-министр Олжас Бектеновке бұл жоба жабық таныстырылып, оның құрамына Құмбел шыңы мен Көкжайлау шатқалы кіретіні белгілі болды. Бұл екеуі бірігіп, жалпы ұзындығы 65 шақырымнан асатын тау шаңғысы жолы кіретін Almaty Superski курортына айналуға тиіс.

«Алдыңғы талқыдан кейін Көкжайлау жобасы тоқтаған еді, соған қарамастан, бүкіл әлем, әсіресе біздің өңір дамып жатыр. Қазір нық әрекет ететін уақыт келді. Соны қолға алайық. Шымбұлақ пен Ойқарағай тау курорттарын біріктіріп, олардың арасындағы шағын курорттарды дамытайық. Алматы тау кластерін, соның ішінде Көкжайлау жобасын да дамытайық», – деді жоба таныстырылымы кезінде Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев.

Суретті Владислав Сон түсірген

Қаладағы бағасы элитаға арналған аудандар

Бұған дейін шатқалдағы құрылысқа қарсы шыққан қоғам белсенділері жобаның экожүйеге төндіретін қаупіне қоса, бұл істің барынша жабық екенін айтады. Олар жобаның қала тұрғындары мен кәсіби қауымдастықтың қатысуынсыз әзірленіп жатқанын алға тартып отыр.

«Көкжайлауды сақтайық» бастамашылар тобының мүшесі Ажар Жандосова Алматы тау кластері жобасына толықтай қарсы шығуды көздемейтінін айтады, әуелі «жобаның өзін көру қажет» дейді. Ол әзірге Дамытудың кешенді жоспары ғана ұсынылғанын, ал оған ескертпе көп екенін айтады. Ал Көкжайлау шатқалына келер болсақ, Жандосова шатқалды тек құрылыстан қорғап қана қоймай, оны сақтау және қалпына келтіру шараларын да Тау кластері жобасына енгізу қажет деп есептейді.

Ажар Жандосова (сол жақта), суретті Данияр Мүсіров түсірген

Ол бұл жобаға жоспарланған қаражатты қаланың әлеуметтік мәселесін шешуге бағыттауға болады деп санайды. Ал таудағы құрылыс бұл мекенді қаланың бағасы элитаға арналған аудандарына айналдырады.

«Алматының табиғи аумағын қаланың күйбең тіршілігінен қажыған тұрғындарға қалдыру керек. Оларды қаладағы күйзелістен арылтатын керемет табиғат, таза ауа мен тыныштық қана», — дейді Жандосова.

Экологиялық құқық жөніндегі заңгер, «Әлеуметтік-экологиялық қор» қоғамдық қорының директоры Вадим Ни бұл жобаның жоспары әлеуметтік әділдік тұрғысынан алғанда түйткілі көп деп есептейді. Оның айтуынша, жоғары операциялық шығындарға байланысты бағаны халықтың басым бөлігінің қалтасы көтермейді.

«Мен бұл жоспарға қарсымын, себебі оған сәйкес қомақты бюджет қаражаты жоғары табысы бар азаматтардың демалысы мен қызметіне жұмсалмақ. Шетелдік туристер келе ме, қанша келеді? Бұл үлкен сұрақ», – дейді ол.

Вадим Ни, суретті Ольга Логинова түсірген

Жобаларды қаржыландыру маманы және қоғам белсендісі Дмитрий Жуковтың айтуынша, жаңа тау кластері жобасы – бұрынғы Көкжайлау жобасы, тек шығыны мен ауқымы он есе ұлғайтылған нұсқасы.

Жуков 2015 жылы Көкжайлау шатқалында курорт салу жөніндегі ескі жобаның қаржы-экономика жағына талдау жүргізіп, сол уақытта жарияланған деректерге сүйене отырып, курорт құрылысы мемлекетке миллиондаған теңге қаржылай шығын әкелетінін анықтаған. Ал жаңа тау кластері жобасына келсек, оның айтуынша, нақты есептеу жасауға мүмкіндік беретін егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбаған, тек шетелдік компаниялар қатысқан бастапқы жоспар ғана бар.

«Бұл жоба қандай қаражатқа жасалды, оны кім қаржыландырды, тендер болды ма, байқау комиссиясы болды ма, техникалық тапсырманы кім дайындады, мұның бәрі беймәлім», – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, мұндай жобаны негізінен тек мемлекет бюджеті есебінен ғана қаржыландыру мүмкіндігі бар: «Өзін құрметтейтін бірде-бір халықаралық қаржы ұйымы бұл жобаны қаржыландырмайды, себебі ол экологиялық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да негізделмеген».

«Барлық шығынды мемлекет көтереді, ал табыстың бәрі жеке инвесторлар деп аталатын құрылыс компанияларына түседі. Олар ешқандай тәуекелге бармай-ақ барлық инфрақұрылымы дайын жер телімдерін алады», – деп түсіндіреді ол.

Көкжайлауға апаратын жол, суретті Владислав Сон түсірген

Журналист, PR маман және 2B Agency коммуникация агенттігінің тең құрылтайшысы Татьяна Бендзь бұл жобаның айналасындағы PR науқан шындық ауылынан алыс деп есептейді: жоба инклюзивті тау курорты және қала тұрғындарына қолжетімді демалыс орны ретінде ұсынылып жатыр.

«Аспалы жолмен жүру қанша тұруы мүмкін екенін жақсы түсінеміз, бұл қызметтің негізгі тұтынушысы жағдайы жақсы адамдар болады, – дейді ол. – Девелоперлер тауды «пайдалану» идеясынан бас тартпайды. Бұл – табиғатты жеке мүдде үшін ақшалай табыс көзіне айналдыру. Менің ойымша, қазіргі жағдайды ең дәл сипаттамасы осы».

Сарапшы болашақта тау кластерінің шетел туристеріне тартымды болатынына күмәнмен қарайды.

«Қазақстанды тыныштық пен бастапқы, бүлінбеген табиғат мекені ретінде танытсақ, мұнда адамдар келеді. Мұнда миллиондаған турист келмейді, бірақ табысы жоғары адамдар келеді, оларға қонақүй де, аспалы жол да керек емес. Олар – хайкинг жанкүйерлері, адам аз баратын соқпақтарды, Бозжырадағыдай табиғи, жабайы көріністерді ұнататындар. Оларға еліміздің ең көрікті нүктелерін қамтитын керемет турлар ұйымдастыруға болады», – дейді ол.

Бендзьдің пікірінше, бұл жоба әлеуметтік тұрғыдан әділетсіз: «Біз ауқатты адамдарға арналған ауқымды тау шаңғысы курортын салып жатырмыз, оған бюджет қаражатын пайдаланып отырмыз. Бұл елдегі ең ірі мегаполисте жүзеге асып жатыр, ал қаланың өзі көлік пен экология саласындағы шешілмеген проблемалардан тұншығып тұр. Біз ауа тазартуға арналған қандай да бір инновацияларды енгізуге, үйіне газ тартуға жағдайы келмейтін, көмір жағатын халыққа субсидия бөлуге ақша таба алмай отырмыз».

Бендзь, сондай-ақ, жобаны талқылау барысы жабық жүріп жатқанын, себебі бүкіл жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау бөлімі әлі қоғам талқысынан өтпегенін айтады.

«Сол себепті біз бұл жобаны кеңінен қоғам талқысына шығаруды талап етпекпіз. Өйткені қазақстандықтардың әлеуметтік әділдікке, экологиялық мәселелерді шешуге деген сұранысын көріп отырмыз. Бұл тек Алматыға емес, бүкіл Қазақстанға қатысты», – дейді ол.

Сурет Save.kokzhailau instagram парақшасынан алынды

Алматылықтар Көкжайлау үшін қайта күресуге әзір ме?

Көкжайлауда тау шаңғысы курортын салу жобасы туралы алғаш рет 2000 жылдардың басында айтылды, ол кезде бұл іспен BONITA компаниялар тобы айналыспақ болған. Алайда ол кезде инвестор табылмады. 2011 жылы билік бұл жобаны қайтадан белсенді түрде қозғап, алғаш рет техника-экономикалық негіздеме жасауға бюджеттен қаражат бөлінді.

Оған жауап ретінде белсенділер мен экологтар ұзақ әрі көпқырлы науқан жүргізді: петициялар ұйымдастырды, деректі фильмдер түсірді, мектеп оқушыларына арналған ағартушылық бастамалар өткізді, флешмобтар мен акциялар ұйымдастырды, халықаралық ұйымдарға жүгінді, сотқа да берді. Мұның бәрі Көкжайлауды құрылыстан сақтау үшін болды. Бұл күрес 2019 жылға дейін жалғасты, сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев курорттың құрылысын тоқтатып, жобаның «қажет емес» екенін мәлімдеді.

Ажар Жандосованың айтуынша, сол уақыттан бері құрылысқа қарсы шыққандардан заңды түрде қарсы тұрудың барлық мүмкіндігін тартып алған.

«Ресми ресурстағы петициялардың күші жоқ, тіпті анық әрі негізді нәрселер де еш түсіндірмесіз қабылданбай қалып жатыр, мысалы, бірыңғай уақыт белдеуі туралы петиция. Бұрын ашық, жария түрде өтіп, сарапшылар мен белсенділер сөз сөйлей алатын қоғамдық тыңдауларды қазір тек интернет ресурс арқылы талқылау түрінде өткізу шешілген. Мұндай тыңдаулардың нәтижесі белгілі. Митингілердің жайы белгілі. Заң бойынша рұқсат алу талап етілмейтініне қарамастан, ондай жиындарды өткізуге мүлдем жол жабық. Ал әлеуметтік желіде боттардың дәурені жүріп тұр», – дейді ол.

Осындай шектеулерге қарамастан, Жандосова әлі де бар заңды қарсы тұру әдістерін пайдалануға ниетті. Соның ішінде петициялар жазып, әлеуметтік желіде жариялауды жалғастырмақ.

«Көкжайлау мен басқа да жобаларды қорғау бойынша көпжылдық тәжірибеме сүйенсек, кез келген науқанның табысы, меніңше, жақтастар мен әрекеттердің синергиясында. Ең бастысы – мақсатыңа табанды түрде ұмтылу. (...) Шеберлікті көрсетуге тамаша себеп туып тұр», – дейді белсенді.

Сурет Ажар Жандосованың Facebook парақшасынан алынды 

«Көкжайлауды қорғау» науқаны барысында Дмитрий Жуков түрлі алаңда белсенді сөйлеп, жобаны жасаушыларға қоғамдық тыңдау кезінде ашық қарсы шыққан.

Ол Алматы тау кластерінің жаңа жобасына қарсы күреске қайтадан белсенді түрде қосылуға дайын екенін айтады:

«[Құрылысшылардың] тәбеті ешқайда кеткен жоқ, Көкжайлауды әлі де болса игергісі келеді. Қазір тауға, Көкжайлауға көп адам бара бастады – жұмыс күндері-ақ жүздеген адам келеді. Бұған халықтың басым бөлігі қосылады деп үміттенемін», – дейді ол.

Соған қарамастан, ол қоғамдық науқанның табысты болуына әртүрлі фактор әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды: демографиялық жағдай да, экономикалық қиындық та рөл ойнайды. Халықтың әл-ауқаты төмендеген сайын, адамдар экология, қаладағы орта мен жемқорлық мәселесіне азырақ көңіл бөледі.

«Бұл – бір деңгейдегі мәселелер екенін жеткізу өте қиын, – дейді ол. – Осы 1,5 миллиард долларды байлардың «игілігіне» жұмсамай, ел ішіндегі мәселелерді шешуге арнауға болар еді. Сондықтан мен аса оптимист емеспін. Бірақ біз жоба жайлы халыққа мейлінше жеткізуге тырысамыз, халыққа әл-ауқаты осы жобаның іске асу-аспауына тікелей байланысты екенін көрсетуге тырысамыз», – деді ол.

Экологиялық құқық жөніндегі заңгер Вадим Ни кез келген науқанның тиімділігі азаматтардың кең көлемде қолдауына байланысты екенін айтады. Ол да Жуков сияқты көпшілік халық күнделікті тіршілігімен айналысып жүргеніне сенімді.

Нидің айтуынша, қазіргі уақытта қоғам белсенділерінің міндеті – азаматтарға бұл жобаның экологиялық жағынан зиянды, тиімсіз және бюджеттен жоспарланған шығын көлемі тұрғысынан әділетсіз екенін түсіндіру.

Татьяна Бендзь жобаға қарсы қоғамдық кампания туралы айта отырып, демократиялық жүйелерде белгілі бір салада құқықтарды кәсіби түрде қорғайтын саяси партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар бар екенін атап өтті.

«Бізде ондай субъектілер жоқ. Сондықтан бәрі моральдық қанағаттанудан басқа ешқандай сыйақы алмай, өз өмірін, күш-жігерін, уақытын арнауға дайын адамдардың энтузиазмына байланысты. Көбіне бұл қатты қажытатын процесс, белгілі бір ұстанымдарды қорғау үшін көп күш қажет, – деп жалғастырды ол. – «Көкжайлауды сақтайық» қозғалысын ешкім қаржыландырған жоқ».

Бендзь өзі бұл бастамаға 2018 жылы қосылған. 

«Мен кейінгі екі жылда қосылдым, өйткені бұл тақырыптың PR саласында жүріп жатқанын түсіндім, – дейді ол. – PR маманы ретінде оны басқа қырынан көрсету керек екенін көрдім. Сол кезде бұл нәтиже берді. Сонымен қатар, билік транзиті кезеңі де әсер етті. Көкжайлауды халыққа қалдыру – жаңа президенттің жеңісті жарлығы болды, көптеген фактор бір арнада тоғысты. Ал қазір сол факторлар қайтадан тоғыса ма, жоқ па, білмеймін», – дейді ол.

Дегенмен, Бендзь халық арасында әлеуметтік наразылық қордаланып қалғанын атап өтті, ал жас ұрпақ экологиялық тұрғыдан саналы және түрлі бастамаға тез арада үн қосады. Бұл факторлар жаңа қоғамдық науқанның пайдасына жұмыс істеуі мүмкін.

«Мен ауқымды науқанды бастауға әлеует жеткілікті деп айта аламын. Бірақ бастамашы боламыз ба, жоқ па, білмеймін. Бұл сұраққа жауап беруге әзірге дайын емеспін», – дейді ол. 








Секреты прошлого загородного комплекса «Тропикана Парк»

Рилсмейкер. Услуги Рилсмейкера. Рилсмейкер в Москве. Стоимость работы Рилсмейкера.

День текилы в Waldorf Astoria Seychelles Platte Island

Проазербайджанский агент Сергей Марков в оккупированном Шуши восхищается Алиевым, пока тот унижает Россию: намечается новый «иноагент»?


American firms in China report record-low new investment plans for 2025, and doubts about their profitability

The anti-DEI movement has a new ally: The FCC

The founder of Deliciously Ella started a blog when suffering from severe chronic pain. Now, her multimillion-dollar snack empire is going global

Jerome Powell is gaining some key backing on Capitol Hill from GOP senators


Человек против нейросети — суд впервые вернул работу уволенной сотруднице

Камышница.

В России создадут дыхательный тест для ранней диагностики рака лёгких

Дивеево ..


The dairy industry would like Gen Z to drink more milk, so they made a Fortnite diner tycoon game

Настройки GameHub и Winlator для игры в Prey (2017) на Android

В демоверсию Silver Palace можно будет поиграть 3 августа в Китае

Bungie promises to fix Destiny 2's new metroid-style morph ball as it makes players sick and glitches out on ultrawide monitors



TagilCity: водителю из Екатеринбурга выставили счет на 10 млрд руб. за парковку

Баста помог парню сделать предложение девушке на концерте в Екатеринбурге

Объявлена стоимость проезда по новой дороге от Москвы до Екатеринбурга

Росгвардия на Среднем Урале приняла участие в охране порядка праздничных мероприятий в честь дня металлурга


«Спецавтобаза» покинула Асбест

«Папе никогда не отказываем»: уралец девять лет насиловал дочерей, а жена ему помогала

В Кишертском округе завершен капремонт моста через Сылву

Прокуратура вскрыла массовые нарушения в школах Свердловской области


Пять крупных проектов электрогенерации мощностью 1,5 ГВт реализуются в Якутии

5 июля в истории Асбеста

Краеведы оправились к пруду на Роговой и верховьям реки

Свердловского инженера объявили дезертиром без приема на воинскую службу


Александрова проиграла Бондарь и не смогла выйти в полуфинал турнира WTA в Гамбурге

«Саша забрал корону». ATP отреагировал на триумф Александра Бублика

Бублик стал победителем турнира в Гштаде.

Александр Бублик получил хорошую новость от ATP после завоевания титула


Депутаты Ревды взялись за социалку

Реконструировать пешеходный мост за старым ЛДС планируют в Новосибирске

Свердловская область вошла в топ-3 регионов страны по количеству голосов жителей в ФКГС

«Спецавтобаза» покинула Асбест


Музыкальные новости

VK Fest 2025 побил рекорд по числу артистов и вошёл в Книгу рекордов России

Концерт Гергиева в Италии вызвал протесты

В Петербурге хотят сделать переулок Виктора Цоя

Клава Кока стала официальным послом музыкального конкурса «Интервидение-2025»


Республика Алтай вошла в десятку регионов России по развитию ипотеки

«Спецавтобаза» покинула Асбест

Roblox запускает AI-проверку возраста: шаг к безопасности или угроза приватности?

В Кишертском округе завершен капремонт моста через Сылву


Борис Эйфман оценил предстоящий в Большом театре балет «Преступление и наказание»

Новая Рига продолжает удерживать статус одного из самых желанных районов

Собянин: в Москве работает более 2,3 тысячи шахматных кружков

В Пулково перенаправили 22 летевших в Москву авиарейса


Маршрут от Ноябрьска до Москвы на автомобиле станет короче

Порядок регистрации ТС: инструкция от ОГИБДД МО МВД России «Красноуфимский»

В Екатеринбурге на видео попало, как Audi на скорости врезался в троллейбус

Объявлена стоимость проезда по новой дороге от Москвы до Екатеринбурга


От Екатеринбурга до Москвы – вдвое быстрее: Путин открыл трассу М-12

Артерия Урала: Путин поучаствовал в открытии участка трассы М-12

Маршрут от Ноябрьска до Москвы на автомобиле станет короче

Участок дороги Дюртюли — Ачит торжественно открыт




В Серове прошла акция по профилактике заболеваний и мотивации к ЗОЖ «Территория здоровья»

Выездные консультации ведущих московских врачей «Будь Здоров» в Каменске-Уральском

Не тот букет к вину: врачи-наркологи рассказали о влиянии алкоголя на распространение ИППП

Артерия Урала: Путин поучаствовал в открытии участка трассы М-12


Зеленский назвал сумму, которую планирует взыскать с России

Перед новыми переговорами? Москва отбивается от дронов, в Киеве - «реально ад»


Росгвардейцы на Среднем Урале отмечают Международный день шахмат

Бойцы СОБР из Тюмени завоевали «золото» и «серебро» чемпионата по комплексному единоборству Уральского округа Росгвардии

Приглашаем на фестиваль спортивно-прикладного собаководства

Томский "КДВ" начнет второй круг чемпионата на выезде в Нижнем Тагиле


Самарская делегация встретится с Александром Лукашенко в рамках работы в Минске

Вячеслав Федорищев и Александр Лукашенко наметили направления развития сотрудничества Самарской области и Беларуси


Глава Свердловской области заявил о кратном увеличении финансирования для расширения северного полукольца ЕКАД

"Дал деточку - даст денюжку": врио главы Свердловской области прокомментировал страх граждан рожать

Глава Свердловской области поручил до 30 июля открыть полноценное движение по проблемной эстакаде на ЕКАД

Дело Старовойта, как отправная точка. Показания дали и на Куйвашева? Порочная система должна быть разрушена


Счётная палата Нижнего Тагила выявила нарушения в работе Службы заказчика городского хозяйства и Службы экологической безопасности

Жители Арти жалуются на невыносимый запах от слива фекалий рядом с жилыми домами

Жители не поддержали платное фотографирование в дендропарках Екатеринбурга

Под Екатеринбургом из Исети выловили почти всю рыбу сетями-пауками


Депутаты Ревды взялись за социалку

Свердловская область вошла в топ-3 регионов страны по количеству голосов жителей в ФКГС

Свердловского инженера объявили дезертиром без приема на воинскую службу

В лагере «Заря» началась третья летняя оздоровительная смена


Собянин: Первый участок Рублево-Архангельской линии метро полностью пройден

Республика Алтай вошла в десятку регионов России по развитию ипотеки

Центр подготовки личного состава Северо-Западного округа Росгвардии пополнили призывники

Семь туристов на байдарках пропали между Карелией и Соловками — троих до сих пор ищут


В пути следования задерживаются поезда в Крым и обратно

Информация о задержке поездов в Крым и обратно

В пути следования задерживаются поезда «Таврия»

Уважаемые пассажиры!. Сегодня в пути следования задерживаются поезда


«Спецавтобаза» покинула Асбест

ИРНИТУ устроил праздник абитуриента «Мчусь в Иркутский политех»

В Свердловской области новые машины скорой помощи уехали в 13 городов

2 июля в истории Асбеста














СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *