Астанадағы Қазақстан Бас прокуратурасы ғимараты алдына он шақты адам жиналды. Олар "Жол полициясы мен Қаржы министрлігі көлігімізді уақытша автотұраққа заңсыз алып кетті" дейді. Қаржы министрлігінің айтуынша, бұрын Монғолияда жүрілген Оңтүстік Корея автокөліктерін Қазақстанға кіргізгенде жалған құжат жасалған.