Добавить новость
smi24.net

Azattyq.org

Новости от Russia24.pro

Russia24.pro Каталог
Август
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Все новости

"Әділет" партиясына Дәдебай төраға болды

Azattyq.org 

Қазақстанда «Әділет» саяси партиясы құрылып жатыр. 7 мамырда Астанада құрылтай съезі өтіп, ұйымның жарғысы, бағдарламасы бекітіліп, төрағасы сайланды. Бұл партияға президент әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай төраға болмақ. «Әділеттің» құрылтай жиыны қалай өтті?

Қазақстан жазда Қырғызстаннан су алмақ. Астана Бішкекке электр энергиясын жеткізген

Azattyq.org 

Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика саласындағы министрлері келіссөз жүргізіп, Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасынан мамыр-маусым айларында су жіберудің көлемі мен режимін бекітті. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігі хабарлады. Хаттамаға қол қойған тараптар Тоқтоғұл СЭС-інен су жіберу кестелерінің сақтауға әрі жазда аграрлық саласын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін үш ел кезең-кезеңмен әрекет етуге келіскен. Үш елдің су және энергетика саласындағы министрлері маусым айының ортасында Бішкекте тағы кездесіп... Читать дальше...

Иран АҚШ-тың соғысты аяқтау бойынша ұсынысын қарап жатыр

Azattyq.org 

Иран билігі АҚШ-тан түскен соғысты аяқтау бойынша ұсынысты қарап жатқанын мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге келуге "жақын қалдық" деп мәлімдеді, бірақ Иран ұсынысымызды кері қайтарса қақтығыс қайта басталуы мүмкін деп ескертті. Иранның мемлекеттік ISNA ақпарат агенттігі елдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, Тегеран Вашингтон ұсынысын қарауды бастағанын, бірақ кейбір ұсыныстар Иран билігінің қабылдауы қиын екенін жазған. АҚШ пен Иран ұсыныстарын келіссөзге арағайын болып жатқан Пәкістан арқылы береді. Читать дальше...

"Әділет" партиясы құрылды. Президент әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай партия төрағасы болды

Azattyq.org 

Жаңадан құрылған "Әділет" партиясына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай төраға болды. Партияның құрылуын, қарарын, төрағасын делегаттар бірауыздан мақұлдады.

Байбектің бизнесі, депутаттарға тыйым, қызметі өскен Нәлібаев | AzatNEWS – 06.05.2026

Azattyq.org 

Билікпен келісу ме? Төрт жыл бұрын қызметтен кеткен Бауыржан Байбек Қазақстанға кәсіпкер болып оралды. Парламентте біреудің сөзін бөліп, пікір айтқан депутатқа шара қолданылады. Мәжіліс қарап жатқан Құрылтай, президент туралы заңдарда тағы қандай өзгеріс бар?

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім өлі күйде табылды

Azattyq.org 

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округының бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйде табылды. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат агенттіктері жазды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 4 мамырда шенеунік қызметтен кету туралы өтініш жазған. Ертесінде қызметінен ресми түрде босатылған. Ал 6 мамырда бұрынғы әкім Кеңқияқ ауылындағы үйінде өлі күйінде табылған. Полицияның хабарлауынша, 42 жастағы ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Әкімдіктің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда... Читать дальше...

Жер митингісіне 10 жыл толды. Мәселе шешілді ме?

Azattyq.org 

Қазақстанда 2016 жылғы көктемде үкімет реформасына қарсы жаппай наразылық өтті. Оған биліктің ауыл шаруашылығы жерін аукцион арқылы сатып, шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру туралы бастамасы түрткі болды. Қарсылық қарқыны күшейгендіктен, билік жер реформасына мораторий жариялады. Кейін бұл мораторий тағы ұзартылды. Бірақ 10 жыл бұрынғы митингтерге белсене қатысқан Макс Боқаев мәселе әлі шешілмеді деп санайды. НАРАЗЫЛЫҚ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?2016 жылғы 24 сәуірде Атырау орталық алаңында ине шаншар жер болмады. Читать дальше...

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң президентке қол қоюға жіберілді

Azattyq.org 

Мәжіліс қаңғыбас жануарлар туралы заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісіп, құжатты қабылдады. Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». "Қаралып отырған заңға парламент сенаты тарапынан бірқатар нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, иесіз жануарлардың санын реттеу мәселелері, оның ішінде тәртібі мен мерзімдері жергілікті өкілді органдардың құзыретіне берілді. Читать дальше...

Ақтау портындағы жемқорлық ісі: сот үкімі оқылды

Azattyq.org 

Ақтауда теңіз портындағы жемқорлық ісіне қатысты сот үкімі оқылды. Сот порттың бұрынғы президенті Абай Түрікпенбаев пен тағы үш адамды кінәлі деп таныды деп жазды Bes.media сайты. Сот Абай Түрікпенбаевты 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге жіберді. Бірақ оның тергеу изоляторында отырған (2025 жылдың сәуір айынан бері) "бір күні екі күн болып есептеліп", сот залынан босатылған. Ол түрме жазасын өтеген болып танылған. Сайттың жазуынша, Ахмад Мустафинге (экс-директор) 4,5 жыл түрме берілді... Читать дальше...

ІІМ"Қазмырыштағы" жарылысқа байланысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты

Azattyq.org 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "Қазмырыштағы" жарылысқа байланысты "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" (156-бап, 4-бөлім) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оның сөзінше, тергеу тобы құрылған. "Қазіргі таңда осы қылмыстық іс қатаң бақылауда. [Жарылыстан] екі адам қаза тауып, екі адам қазір аураханада жатыр. Ешкім қамалған жоқ. Тергеу әрекеттері белсенді жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары толық жүргізіп, сараптамалар жүргізілсе, олардың қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз" деді ішкі істер министрінің орынбасары. Читать дальше...





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *