Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2018

Баян-Өлгийдегі селден мыңдаған адам баспанасыз қалды

0
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шілденің 14-нен 16-сына дейін жаңбыр жауып, сел жүрген. Аймақ орталығындағы жүздеген үйді су шайып кеткен. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Баян-Өлгий аймағының әкімі Ғылымхан Айым хабарлады.


- 530-ға тарта үй құлап, тұруға жарамсыз болып қалған. 2500-ден астам адам баспанасыз қалды. Баспанасыз қалғандар әзірге бала-бақшалар мен жатақханаларға орналастырылды, - деді Ғалымхан Айым.


Әкімнің айтуынша, қазір жағдай тұрақталған: "аулалар мен көшелердегі суды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр".




Жергілікті билік өкілі "басқа аймақтардан құтқару мен апатты жағдайды қалпына келтіру мәселесі бойынша көмек келді" деді.


Оқи отырыңыз: Баян-Өлгийде 100-ден аса үй қирап, 700 адам баспанасыз қалды


Осыдан екі жыл бұрын да Баян-Өлгийде бұршақ жауып, сел жүріп, адам шығыны болған. Қазақстан селден зардап шеккен Баян-Өлгийге көмек көрсеткен. Кейін Моңғолиядағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап қазақстандық белсенділер салғызып жатқан кейбір үйлер "қауіпті зонада тұрғандықтан" бұзылаты хабарланды.


Саны 150 мың деп шамаланатын және көпшілігі Баян-Өлгий аймағында тұратын этникалық қазақтар Моңғолия халқының 5 пайызы болады.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *