Баян-Өлгийдегі селден 2500-ден астам адам баспанасыз қалды
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шілденің 14-нен 16-сына дейін жаңбыр жауып, сел жүрген. Аймақ орталығындағы жүздеген үйді су шайып кеткен. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Баян-Өлгий аймағының әкімі Ғылымхан Айым хабарлады. - 530-ға тарта үй құлап, тұруға жарамсыз болып қалған. 2500-ден астам адам баспанасыз қалды. Баспанасыз қалғандар әзірге бала-бақшалар мен жатақханаларға орналастырылды, - деді Ғалымхан Айым. Әкімнің айтуынша, қазір жағдай тұрақталған: "аулалар мен көшелердегі суды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр". Читать дальше...